Атырау, 27 сәуір 07:59
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Жария ету» операциясы

2 674 просмотра

Жария ету процесі туралы  сұрақтарға Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма бастығы Батырбек ЮСУПОВ жауап берді.

– Мүлікті жария ету қай уақыт аралығында жүргізіледі? 2015 жылдың 30 қарашасына дейін бе, әлде 31 желтоқсанына дейін бе?

– Жылжымайтын мүлікті жария етуге құжаттар тек 30 қарашаға дейін беріледі, жария ету процесі 2015 жылдың желтоқсанына дейін жүргізіледі.

– Мүлікті жария ету процесінде алынған ақпарат құпиялылықпен қамтамасыз етіле ме?

–«ҚР азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңына сәйкес, мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығына ҚР заңдарымен кепілдік беріледі.

– Досымның тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерде орна-ласқан кафесі бар. Пәтер тұр-ғын үйден шығарылмаған. Бұл мүлік жария етуге тиесілі ме?

– Жоқ, тиесілі емес, Өйткені, бұл пәтердің меншік құқығы бар.

– Мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы өзіме тиесілі жер учаскесіне үй салдым. Мен оны жария ете аламын ба?

– Жоқ, өйткені, заңда меншік құқығында жария ету субъектісіне тиесілі жер телімінде орналасқан жағдайда құрылыстар мен ғимараттарды заңдастыру тәртібі қарастырылған. Сонымен қатар мұндай нысандар жердің мақсатына, сонымен қатар құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келуі тиіс. Тиісінше, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер теліміне салынған сіздің үйіңіз жария етуге тиесілі емес.

– Бауырымның жалға алу құқығындағы (49 жылға) жер телімі бар. Мен ол жерге көлік жөндеу стансасына жалға беріп отырған орынжай салдым. Бұл орынжайды жария ете аламын ба?

– Жария етілетін мүлік меншік құқығын жария ету субъектісіне тиесілі жер телімінде болуы тиіс. Сондықтан сіз мүлікті жария ете алмайсыз.

18 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.