Атырау, 26 сәуір 22:57
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Сотқа техникалық төлқұжат та жарамды

1 868 просмотра

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті департаментінде сауда мәселелері жөнінде «дөңгелек үстел» өтті.

Департамент бастығының орынбасары Ерболат УАИСОВТЫҢ айтуынша, соңғы кездері тұрғындарға сапасыз ұялы телефондарды сатуға қатысты шағымдар жиілеп кеткен. Тексеру мораторийіне байланысты департамент зардап шеккен тұтынушыларға 32-82-88 шұғыл телефон желісі бойынша кеңес берумен шектеледі.

Сатып алушылардың көпшілігі дүкенде оларға сатып алу чегін бермегенін, сондықтан олар сотқа бере алмайтындықтарын айтады. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заң бойынша сотта сатып алғанын дәлелдейтін кез келген құжатты, соның ішінде дүкеннің мөртаңбасы мен сатқан уақыты соғылған бұйымның техникалық төлқұжатын да пайдалануға болады. Сот, сонымен қатар, куәгерлік жауаптарды да назарға алады, - деді Е.Уаисов.

Егер кепілдік мерзімі ішінде тауардың сапаға сай еместігі анықталса, сауда нүктесі зардап шеккен тұтынушының таңдауы бойынша тауарды айырбастауы, оны дүкен есебінен жөндеуден өткізуі немесе ақшасын қайтаруы тиіс. Заң бойынша сауда нүктесінің дайындаушы зауыт белгілеген кепілдік мерзімін ауыстыруға құқығы жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.