Атырау, 27 сәуір 02:40
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Парақорлық дәстүрге айналып бара жатқан жоқ па?». «Рубльдің құнсыздануы көршілерге жақпады». «Донецкіде “сталиндік тәсіл” құрбандары көбейді». «Айдаһар мен аюдың ортасындағы өмір». «Жыл оқиғасы: Ресей насихаты Батысқа ауды».

2 207 просмотра

ALASHAINASY.KZ       «Парақорлық дәстүрге айналып бара жатқан жоқ па?» - «Алаған қолым береген». Қазақ тауып айтқан дейміз-ау! Бірақ, сол «алу» мен «беруге» құмартқан халықтың болашағы не болмақ?

«Партия құруға қанша қаражат қажет?» - Тәуелсіздіктен бергі 20 жылдан астам уақыттың ішінде Қазақстанда талай партия құрылып, талайы «дүние салып» жатса, бірқатары бірігіп еңбектену жолын таңдады.

«Рубльдің құнсыздануы көршілерге жақпады» - Ресейдің сауда әріптесі және көршісі саналатын бірқатар елдер рубль бағамына қарайлап отырады. Рубль арзандаған кезде бұл елдердің ақшасы да құнсызданды.

AZATTYQ. ORG      «Әсем Кенжебаеваның өмірі мен 24 жасындағы қазасы» - 2011 жылы Жаңаөзен оқиғасы кезінде абақтыдағы соққыдан қаза тапқан Маңғыстау облысы Қызылсай ауылы тұрғыны Базарбай Кенжебаевтың қызы Әсем Кенжебаева ауыр науқастан 24 жасында қайтыс болды. Әсем полицияны «әкемді де, өзімді де азаптады» деп айыптаған еді.

«Донецкіде “сталиндік тәсіл” құрбандары көбейді» - Сепаратистер басып алған Украинаның оңтүстік-шығысында көршісі көрсетіп, тұтқындалып жатқан жандар көбейді. Бұл кезінде бүкіл халықты шошытқан сталиндік террорды еске салады.

«Айдаһар мен аюдың ортасындағы өмір» - Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін сарапшылар «Қазақстанда «Украина сценарийі» қайталанбай ма?» деген сауалға ойлана бастады. Назарбаевтың мұрагері белгісіз. Бұл Ресеймен қатынасқа қалай әсер етеді әрі Қазақстан Ресей ықпалынан шыға ала ма?

«Прокаты да дау тудырған фильм» - Қазақстан кинопрокатында соңғы айда 1-орынға шыққан «Келинка Сабина» комедиясын Петропавл кинотеатрлары әуелде көрсетуден бас тартқанымен, енді арғы аптадан бастап көрсететіндерін айтып отыр.

«Жыл оқиғасы: Ресей насихаты Батысқа ауды» - 2014 жыл Ресей насихат құралдары шетелдерде белсенді әрекетке көшкен жыл болды. Кремль ел ішінде жұртты қалауынша «тәрбиелесе», шетелдегі жұртты шатастыру әдісін қолданады.

ABAI.KZ    «Қазақстан-Қытай: Қарым-қатынастың қыры мен сыры» - Күні бүгінге дейін қытай мектептерінде қазіргі Қазақстанның біраз жері Қытай жері деп көрсетілуде.

«Желтоқсан. Үреймен өткен үш жыл» - Ертеңгісін студенттер бірін-бірі оятып, бет жуа салысымен апыл-ғұпыл жиналып, сағат тоғызда алаңға А.Байтұрсынов көшесімен шығады.

JASQAZAQ.KZ.   «Спортты жайлаған улы дерт» - Желтоқсанның 3-күні немістің ARD телеканалында көрсетілген «Құпия допинг: Ресейдің үлкен спорттағы жеңістері» аталатын деректі фильм спорт әлемін дүр сілкіндірді.

«Ән бұзар қисық мәтін» - Біз бесікте жатып ана әлдиімен өскен халықпыз. Қазақ түзде ат үстінде, үйде ошақ басында ыңылдап ән салады. Ән қазақтың алпыс екі тамырына сіңген өнер.

 NAMYS.KZ  «Сталиндік режим қанша миллион адамды құртып жіберді?» - Өзінің көлемі немесе саны жағынан болсын, салдары жөнінен болсын қазақ ұлтының тарихында 1930-33 жыл­дардағыдай зұлмат қалмақ шапқыншы­лығынан кем болған емес деп жүрміз.

15 желтоқсан 2014, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.