Атырау, 27 сәуір 05:19
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Айналмадағы тәртіпсіздік реттелді

1 808 просмотра

Айналма жолға (орталық көпір жанындағы, «Ақ Жайық» қонақ үйінің алдындағы) қарай Азаттық пен Абай көшелеріндегі бірер жаңа белгіні орнату қаладағы көлік иелерінің қызу наразылығын тудырды.

Әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Асылбек БОРАНБАЕВТЫҢ айтуынша, айналма қиылысқа қарай Абай көшесінде қалпына келтірілген Жол қозғалысы ережесінің 2.4 «Жол бер» белгісі дүрлігіс тудырған:

- Осы учаскеде таяуда орын алған жол-көлік апатында «Жол бер» белгісі құлатылды, ол бейсенбі күні 4 желтоқсанда қалпына келтірілді.

Шамасы, жүргізушілер белгі болмаған кезде (полицейлердің растауынша, бір аптадан аспайды) жүргізушілер айналмаға өтер кездегі басымды қозғалысқа үйреніп үлгерген секілді. Мәселе мынада, мұндай жағдайда белгі болмағанда «оң қол ережесі» немесе «оң жақтан бөгет» ережесі қолданысқа енеді. Яғни, айналмаға шығатындар басымды қозғалыс құқығына ие болады.

2.4 белгісі («Жүргізуші кесіп өтетін жолда қозғалып келе жатқан көлік құралдарына жол беруі тиіс») де, ал онымен бірге жолдың осы бөлігіндегі көлік құралының үйреншікті қозғалысы да қалпына келтірілді. Яғни, орталық көпірден келетіндер айналмаға қарай Азаттық көшесінің бойымен келе жатқандарға жол береді, ал айналмаға өтетіндердің барлығы басымды қозғалыс құқығына ие болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

8 желтоқсан 2014, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.