Атырау, 26 сәуір 21:22
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Бәс тіккіш пәтер алаяғы

2 416 просмотра

26 қарашада Атырау облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері алаяқты ұстады.

35 жастағы атыраулық тұрғын облыс орталығынан бірнеше элиталық пәтерді жалға алып, тыйым салынған жылжымайтын мүлікті (несие бойынша борышкерлерден банк тартып алған үйлерді-мыс) сату туралы хабарландырулар таратқан.

Үйді көруге келген сатып алушыларға ол пәтердің құжаттары «Алматыдағы бас кеңседе» екенін айтып, «бәссаудада алғашқы және бірден-бір сатып алушы болу үшін» кепілақша қалдыруды ұсынған.

Бір қызығы, адамдар келісіп, алаяқтың қолына әжептәуір ірі ақшалар табыстаған. 6 эпизод бойынша күдікті жалпы сомасы 20 млн теңге болатын олжа түсірген. Полиция ақшаны қайда жібергені туралы сұрастырғанда, ол букмекерлік кеңседе ұтқызып жібергенін айтқан.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 177-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

28 қараша 2014, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.