Атырау, 27 сәуір 04:55
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Тасымалдаушы, өзіңді түзе!

1 742 просмотра

«Тасымалдаушылар жолақыны екі есеге көтеруді сұрайды» мақаласында («АЖ», 23.10.14 күнгі №43 саны) 15 қазан күні ҚР тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің департаментінде болған жиналыста Атырау қаласының тасымалдаушылары қоғамдық көліктегі жолақы тарифін 50 теңгеден 100 теңгеге көтеру керектігі жөнінде мәлімдегені жазылған болатын. Басты себептері – жанар-жағар май мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауы.

Мен тасымалдаушы компаниялар басшыларының сұранысын қарамастан бұрын «тасымалдаушы», «тасымалдаушы-компания» сияқты түсініктердің заңнамалық анықтамалары, сондай-ақ, олардың міндеттері мен жауапкершілігі тақырыбында қоғамдық тыңдау ұйымдастыру керек деп есептеймін.

Мәселен, менің түсінуімше, нағыз тасымалдаушы жолаушылар тасымалдауға патенті бар, салық төлейтін, өзінің жеке ақшасына ЖЖМ, қосалқы бөлшектер сатып алатын, диспетчер, бақылаушы механик, медициналық қызметкер қызметіне ақша төлейтін, күн сайын өз ақшасымен көлігіне жөндеу жүргізетін, жолаушыларға мәдени және қауіпсіз басқа да қызметтер көрсететін жолаушылар көлігінің иесі болып табылады.

Алайда тасымалдаушы-компанияларда мұндай белгілер байқалмайды. Қарапайым мысал: жолаушылар көлігіне қызмет көрсететін диспетчерлер қысы-жазы ауа райының кез келген жағдайында көшеде жүреді, қыста аязға жаураса, жазда аптап ыстықта көлеңке болар жер таппайды. Тамақ ішетін жерлері де жоқ. Соңғы аялдамаларда дәретхана жоқ. Бірнеше рет шағым түссе де, қызмет көрсетуші қызметкерлердің еңбегін қорғаумен ешкім айналыспайды. Диспетчер әйелдерге - біреудің анасына, қызына – заманауи радиотехникалық және компьютерлік техникамен жабдықталған шағын орынжайда жұмыс жасауға мүмкіндік жасауға болмай ма?

Бюджет қаржысына алынған, жалға берілген көпорындық автобустарды пайдалану тиімділігін нақтылау қажет.

Жолаушыларды тасымалдау тарифін арзандатудың маңызды әдістерінің бірі, менің ойымша, қала жолдарының өту қабілеттілігін арттыру болып табылады. Олай болмаған жағдайда бір-екі жылдан кейін «кептелістердің» кесірінен қалада қоғамдық көлікпен жүргеннен жаяу жүрген тиімдірек болады.

Қала жолдарының өту қабілеттілігін арттыру үшін келесілерді жүзеге асыру керек:

- қала ортасында орналасқан темір жолдарды реконструкциялап, «Элеватор» маңынан бастап Ақжайық ауылына дейінгі (Балықшы округіндегі Ширина ауылындағы) аймақтардан рельстерді алу керек. АМӨЗ-ге кіретін темір жол салу үшін қала сыртынан жер бөлуге болады;

- «Мостовой жырасы» арнасын автокөлік жолына айналдыру;

- темір жол вокзалы және «Дина» базары маңындағы көшелерде жаяу жүргіншілердің үздіксіз жүріп тұруына байланысты жер үсті көпірін (эстакада) немесе жер асты өткелдерін салу.

Қ. Әубекеров, Атырау қ.,

Балықшы ауылдық округінің жергілікті өзін өзі басқару қоғамдық жиналысының төрағасы

30 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.