Атырау, 27 сәуір 00:51
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстан Украинаға экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетеді – ҚР СІМ

1 971 просмотра

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Украинаға экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетудің кең ауқымды бағдарламасын дайындау және іске асыру мүмкіндігін қарастыруда, делінген ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) ресми сайтында.

«Қазақстан Республикасы Украинадағы саяси ахуалды тұрақтандыруға өз септігін тигізуді жалғастырып отыр. Ү. ж. 26 тамызда өткен «Кедендік Одақ – Украина – Еуропалық Одақ» Минск саммиті барысында Президент Н. Ә. Назарбаевтың айтқан сөзіне сәйкес, қазіргі уақытта Украинаға экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетудің кең ауқымды бағдарламасын дайындау мен жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылуда», - делінген ҚР СІМ сайтында жарияланған хабарда.

Хабарда айтылғандай, сонымен қатар, әскери әрекеттерді тоқтату бойынша келісімдерді жүзеге асыруға ерекше назар аударатын Украинадағы ЕҚЫҰ арнайы бақылау миссиясының қызметін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдар ықпалдастығы шеңберінде 40 мың АҚШ долларын бөлді.

Арнайы бақылау миссиясы өзін ЕҚЫҰ-ның тиімді құралы ретінде танытты, ол Ұйымның дағдарыстар кезінде шұғыл әрі нәтижелі әрекет ете алатындығын дәлелдеді. Атап айтқанда, бұл Миссия МН17 сапарымен келе жатқан ұшақтың құлаған жеріне тергеушілерді жеткізуді қамтамасыз етуде және Украинадағы жағдайға қатысты Женева Біріккен мәлімдемесі мен Берлин келісімшартын жүзеге асыруда оң роль атқарды. 

Дереккөз: ҚазТАГ

27 қазан 2014, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.