Атырау, 26 сәуір 20:42
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Балалар супермашиналар ортасында

2 034 просмотра

Атыраулық құтқарушылар өз кәсіби мерекелерін тойлау мерекесіне оқушыларды шақырды.

Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі» ММ-нің №1 өрт сөндіру бөліміне екі жүзден аса оқушы келді. Құтқарушылар да өз кезегінде бұл іс-шараға мұқият дайындалып, жылтыраған су жаңа өрт сөндіру техникасын көрмеге шығарыпты. Мақтануға тұрарлық дүниелері бар екен: қыркүйек айында ТЖ қызметіне 18 жаңа өрт сөндіру және құтқару көліктері сыйға тартылған.

Сырт көзбен қарағанда, көбік шашу арқылы өрт сөндіру көлігі, тез әрекет ету автомобилі, жылжымалы өрт-техникалық зертханасы қызығушылық оятады екен... Ал балаларға, әсіресе ер балаларға ең төменгі қысымды ауа үрленген алты тегіршегі бар ресейлік «Трэкол» жолсызбен жүретін көлігі қатты ұнады.

- Ол қарлы алқапта, құм төбелерде, тіпті тундраның батпағынан да өте алады.

- Жүзе де ала ма? – деп сұрады топ ішінен біреу.

- Жүзгенде қандай! – құтқарушылардың өздері осы арнайы көлікке қатты риза сияқты. Күндей жарқырап тұрған көлік бамперін аялай сипап тұрып, біреуі былай деді:

- Алайда, тек шағын су кедергілерінен ғана жүзіп өтеді. «Трэкол» әзірге төтенше жағдайларға қатысып үлгерген жоқ.

Жаңа өрт зертханасының арқасында өртке байланысты қылмыстарды тергеу уақыты біраз қысқарады. Газель автокөлігіне жасаған зертхана ішінде, мамандар айтқандай, «шұғыл техникалық-криминалистикалық көмекке арналған» арнайы жабдықтар орнатылған.

- ...Міне көбік шашу арқылы өрт сөндіретін машина, - деп жалғастырды сөздерін олар. – Ішінде көбік жасағыш жабдық тұр. Көбік, су сияқты, қол желілері арқылы беріледі...

Ер балалар жағына супер көліктердің техникалық сипаттамалары қызықты болса, қыздар үшін темір тұлпарлардың жанында суретке түсіп, «сельфилету» қызығырақ болды. Құтқарушылар өз құрал-саймандарын ұстатуға кеңпейілдікпен рұқсат беріп, балалармен бірге суретке түсті.

- Мүмкін ер жеткенде іштеріңдегі біреулерің осы кәсіпті таңдарсыңдар, - деді оқушылар кеткеннен кейін құтқарушылардың бірі.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

24 қазан 2014, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.