Атырау, 27 сәуір 05:43
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бакиевтің ұлы өмір бойға сырттай сотталды

1 524 просмотра

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиев "мемлекеттің миллиондаған доллар қаржысын ысырап қылды" деген айыппен  сырттай сотталды. Сот оны 22 қазан күні өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті. 

Қырғызстанның жоғарғы соты (Бішкек) Максим Бакиевті "Asia Universal Bank активтерін жымқырды" деп айыптайды. Судьялар бұған қоса, Ұлыбританияда тұрып жатқан Бакиев пен оның қаржылық кеңесшісі Евгений Гуревич және банк төрағасы Михаил Надель "елдің әлеуметтік қорынан 40 миллион АҚШ долларын ұрлаған" дейді.

Гуревич пен Надель сырттай 25 жылға сотталып, дүние-мүліктері тәркіленді.

Максим Бакиев пен Гуревич АҚШ-та "алаяқтық" және "соттың әділ үкім шығаруына кедергі келтіру" істері бойынша да күдікті болып танылған.  

2013 жылы да Максим Бакиевті Қырғызстан коррупциялық қылмысқа қатысы бар деп айыптап, сырттай соттаған еді.

Құрманбек Бакиев 2010 жылы көктемде Қырғызстанда болған халық толқулары кезінде биліктен кетіріліп, қазір Беларусьте тұрып жатыр.

Дереккөз: Азаттық радиосы

23 қазан 2014, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.