Атырау, 26 сәуір 22:02
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қысым себеп емес

1 960 просмотра

– Мен шағын компанияға басшылық етемін. Жеке емханада өткізілген медициналық тексеру барысында үш қызметкеріміздің (екі жүргізуші мен тазалаушы) жоғарғы артериалдық қысымы бар екені анықталды. Осыған байланысты кадрлар бөлімінен бұл қызметкерлердің мекенжай  бойынша емханадан анықтама алып келуге тиіс екендігі, ал егер бұл анықтамалар болмаса, қызметкерлерді жұмыстан шығару керектігі туралы хабарлама алдым. Кадрлар бөлімінің талаптары заңды ма?

azh.kz сайтынан

 

Сұраққа Атырау облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және бақылау бөлімінің басшысы Эмилия ГРЕЧАНИК жауап берді:

– ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 25 қаңтарында қабылданған №166 қаулысы бар. Онда міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі, міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары бекітілген. Қызметкердің жоғарғы қысымы оны жұмыстан шығаруға себеп болып табылмайды. Қызметкерге дәрігерлік-консультациялық комиссия (ДКК) қатысқан медкомиссиядан өту керек. Мұның қорытындысы бойынша бұл қызметкердің қандай еңбекпен айналыса алатындығын шешу қажет. Бұл жеңілдетілген жұмыс режимі, басқа да еңбек болуы мүмкін. Өзін нашар сезінуі қысқа уақытқа созылып, тиісті емнен кейін қызметкер өзінің әдеттегі еңбек міндеттерін орындай алуы мүмкін.

Дайындаған Тамара Сухомлинова

2 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.