Атырау, 27 сәуір 03:24
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстанда суды есептеу құралдарын орнатуды міндеттеу ұсынылуда

2 651 просмотра

Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, заң жобасында еліміздің Су, Жер және Экологиялық кодекстеріне, «Мемлекеттікт  мүлік туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Атап айтқанда, Су кодексінде сумен жабдықтау және су бұру саласында тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері айқындалады.

«Жер кодексіне жер учаскесін таңдау актісін рәсімдеген кезде қолданыстағы инженерлік коммуникацияларды бөлінетін учаске шекарасының сыртына шығару қажеттілігі туралы норма енгізіледі. Күнделікті пайдалану барысында, әсіресе апаттарды жою қажет болған жағдайда сумен жабдықтау және су бұру желілеріне еркін қол жеткізу талап етіледі. Техниканың жүруі, тиісті жұмыс түрлерін жүргізу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс»,-деді вице-министр.

Ал Экологиялық кодекске тоқталатын болсақ, қазіргі уақытта тоған-жинағыштар, тоған-буландырғыштар, биологиялық тоғандар, сүзгілеу алаңдары қандай құрылыстарға жатқызылатындығы жөнінде бір мағыналы түсінік жоқ. «Енгізіліп отырған толықтыру осы нысандарды сарқынды суларды биологиялық тазарту құрылыстарына жатқызуға мүмкіндік береді», - дейді Қ. Өскенбаев.

Сонымен қатар, энергия мен суды үнемдеу, ауыз суды тиімді пайдалану талаптарын негізге ала отырып, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңының нормаларында суды коммерциялық есептеу құрылғыларын орнатуды міндеттеу туралы ұсыныс жасалды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА. 

 
30 қыркүйек 2014, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.