Атырау, 26 сәуір 19:16
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Сот Каталониядағы референдум жоспарын тоқтатты

2 100 просмотра

Испания конституциялық соты 29 қыркүйекте қараша айында Каталония автономиялық аймағының тәуелсіздігі туралы референдум өткізу туралы қаулының күшін жойды.

Сот шешімінде әуелі жоспарланған референдумның Испания заңдарын бұзбайтындығын тексеру қажетті айтылған. Сотқа референдум туралы декреттің заңдылығын тексеру туралы Испания үкіметі шағым түсірген. Испания премьер-министрі Мариано Рахой мұндай дауыс беру конституцияға қайшы келеді деп санайды.

28 қыркүйекте Каталония автономиясының басшысы Артур Мас 9 қарашада аймақтың тәуелсіздігі туралы референдум өткізуді шақыратын қаулы шығарған еді. 

Каталония Испанияның ең бай және өнеркәсібі дамыған аймақтарының бірі саналады. Экономикалық дағдарыс пен Мадридтің қатаң экономикалық шараларды қабылдауынан бері бұл облыстың тәуелсіздік алуын жақтайтындар саны артқан.

Дереккөз: Азаттық радиосы

30 қыркүйек 2014, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.