Атырау, 26 сәуір 22:29
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Форумға - формамен

1 481 просмотра

Қоғамдық көліктер жұмысына арналған кеңесте Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ алдағы Назарбаев пен Путиннің келу сапарына орай тасымалдаушыларға жүргізушілер мен кондукторларға бірдей форма кигізуге тапсырма берді.

– Бүгінде Атырауда сегіз тасымалдаушы фирмалар қызмет көрсететін  қалалық және қала маңындағы 30 маршрут бар. Бұлар 269 автокөлік құралдары: 163 автобус пен 106 «Газель» көліктері, – дейді қалалық ТКШ және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Қуаныш ИБРАГИМОВ.

Оның айтуынша, бүгін орталық маршруттар бойынша қызмет көрсететін «АИС Транс Холдинг» ЖШС қызметкерлері жаңа форма киген. Жоғары шенді меймандардың келуіне байланысты көлік қызметкерлері тіпті пайда болмай жатып жойылған жол жүру билетін беру тәжірибесін қайта жандандырыпты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 қыркүйек 2014, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.