Атырау, 27 сәуір 06:25
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Форум: қай көшелердің жабылатынын ешкім де білмейді (+ІІД хабарламасы)

2 580 просмотра

29-30 қыркүйекке белгіленген Қазақстан мен Ресейдің  өңіраралық ынтымақтастық форумының қарсаңында әкімшілік полиция форум күндері көлік қозғалысына шектеу енгізілетіндігін ескертеді.

Қалада көлік қозғалысына жаппай дерлік тыйым салатындығы туралы қауесеттер желдей есуде. 30 қыркүйекте күтіліп отырған екі мемлекеттің басшылары Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен Владимир ПУТИННЕН шені төмендеу саяси тұлғалар келген кезде туындаған көлік коллапсы қала тұрғындарының есінде.

Біз әкімшілік полициямен хабарласқан едік. Ол жердегілер көлік қозғалысына қатысты алдағы туындайтын проблемалар туралы мәселеге сырғыма комментарийлер берді.

Өздеріңізге белгілі болғандай, қазіргі уақытта қалада көлік жолдарына жол төсемдерін ашу және жолжиектерді ауыстыруға қатысты күрделі жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ, 29-30 қыркүйекте мемлекетаралық саммит өтейін деп отыр. Сондықтан белгіленген уақытта Атырау қаласының кейбір көлік жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылады, - деді ІІД әкімшілік полициясы басқармасының ЖПҚ ұйымдастыру бөлімінің бастығы Талғат МАРДЕНОВ. – Шара ауқымын ескере отырып, біз көлік иелерінен жаяу жүргіншілер көп жүретін көшелермен жүрмеуді, қозғалысқа қосымша кедергі келтірмеуді және мүмкіндігінше осы күндері қоғамдық көліктерді пайдалануды өтінеміз.

Марденов қозғалыс шектелетін нақты көшелер мен уақыт бойынша нақтылаушы сұрақтарға қандай да болмасын комментарий беруден бас тартты.

Соған қарағанда, бұл ақпарат жария етілмейді және жоғары мәртебелі меймандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жарияланбайтын болады. Шамасы, бұл мәселелер қазір басқа тәртіптегі лауазымды тұлғалардың құзырында секілді. Қалай дегенмен де, президентті қорғау қызметінің бір тобы Атырауға 21 қыркүйекте келген болатын. Тәртіп сақтау үшін облыс орталығына аудан орталығы мен көршілес Орал қаласының әкімшілік полициясының күштері жұмылдырылған.

Бүгін, 28 қыркүйекте Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА мынадай телефонхат жолдады:
 
"29-30 қыркүйекте Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық 11-ші ынтымақтастық форумы өтетін күндері Атырау қаласында жолдар жабылмайды. Тек Сәтпаев пен Тайманов көшелері арқылы көлікпен делегация өткен кезде қозғалыс шектелетін болады".
 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

27 қыркүйек 2014, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.