Атырау, 26 сәуір 18:49
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Каримованың үйқамақтағы суреттері шын». «Тергеуден соң ауруханаға түскен мүгедек». «Семей ядролық полигоны туралы не білеміз?». «Шәкәрімнің түпнұсқа суреті табылды». «Киноэпопеяға қазақтың қай ханы лайық?».

1 938 просмотра

ALASHAINASY.KZ        «Мұнай бағасының құлауы Қазақстан экономикасына қаншалықты қауіпті?» - Мұнай бағасы халықаралық нарықта үш ай қатарынан сүрініп, кеше ғана бой түзегендей болды. Бұл осы үш ай ішіндегі геосаяси текетірестің оңай болмағанын байқатады.

AZATTYQ. ORG      «Каримованың үйқамақтағы суреттері шын» - Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримованың Лондонда тұратын өкілі Локсли Райан оның "үй-қамақта отырғанын көрсететін" жаңа суреттер туралы сұхбат берді.

«Тергеуден соң ауруханаға түскен мүгедек» - Қарағанды облысы Ахмет ауылы тұрғыны «ұрлықты мойныма ілу үшін полиция соққыға жықты» дейді. «Азаптау» бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі арнайы прокуратура тексеріп жатыр.

ABAI.KZ   «Семей ядролық полигоны туралы не білеміз?» - Биыл да еңбек демалысында Астанадан елге жеттім. Осы 2014 жылдың 29 тамызында Семейде «Невада-Семей» қозғалысына 25 жыл толуына арналған халықаралық конференция өтті, Орталық алаңда орналасқан еңселі де әсем драмалық театр ғимаратында.

JASQAZAQ.KZ.  «Арабша сауат ашқан қазақтарға арқа сүйеді» - ХХ ғасырдың басындағы Алашорданың саяси қозғалысы ресейлік губерниялар мен облыстар өзара бөліп алған Қазақстан территориясын тұтас қамтыды.

«Құмдандағы құлдық» - Сақшылар 4-5 ай бойы ауыр еңбекке жегіліп, ұрып-соққан, азып-тозған жігіттерді көргенде, өз көз­деріне өздері сенбеді. Өйткені, бұларда адам кей­піне ұқсайтын түр-тұрпат жоқ еді. Шашы өсіп, көзі аларған жігіттердің қай-қайсысы да тірі аруақтан аумайды.

SKIFNEWS.KZ     «Халық терісін жамылған депутаттар...» - Осыдан бірер жыл бұрын облыстық мәслихаттың бір депутатымен сұхабттасқаным бар. Сөз арасында «осы депутат болуға неге сонша құмар боласыздар» деп сұрадым. Әдеттегі әуенмен «халыққа қызмет еткім келді, жігіт ағасы болған шағымда елге бір пайдам тисе екен деген оймен...» деп көкірегін кере жауап берген.

ZHEBE.COM   «Қазақтың көбейгенін қаламайтындар кімдер? ....» -  Халықаралық болжамдарға сүйенсек, ХХІ ғасырдың соңында қазақ жерінің қазына-байлығын игеру үшін Қазақстан аумағына 100 миллион адамды орналастыру қажеттілігі туатын көрінеді.

QAMSHY.KZ    «Шәкәрімнің түпнұсқа суреті табылды» - БАҚ беттерінде «Абайдың «Жидебай – Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Ж.Әубәкір  хабарлаған Шәкәрімнің суреті туралы мақала жарық көрді, онда Шәкәрімнің суреті туралы зерттеу жүргізген мұражайдың еңбегі еш кетпегін айтылады.

QASYM.KZ  «Киноэпопеяға қазақтың қай ханы лайық?» - Бүгінгі ұрпақты мемлекетшілдікке тәрбиелейтін, өз Отанын, атамекенін қастерлеуге жетелейтін құралдың бірі – қазақтың өткен тарихынан тамыр тартатын шығармалар.

19 қыркүйек 2014, 09:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.