Атырау, 27 сәуір 02:54
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Қазақстан территориясына ядролық қару кіре алмайды – ҰҚК». «Ресей салықты өсірсе, қазақстандық кәсіпкерлердің жайы не болмақ?». ««Түркі академиясы туралы» құжатты бекітті». «Иран ИШИМ-ге қарсы жеке соғысады». «Қостанайда ауа сатыла бастады».

1 871 просмотра

TENGRINEWS.KZ. «Қазақстан территориясына ядролық қару кіре алмайды – ҰҚК» - Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер "Ислам мемлекеті" террористік тобының мүшелері ядролық қаруды Қазақстан арқылы тасымалдауы мүмкін бе деген ресми сұраққа жауап берді.   

"Елімізде қауіпсіздікке қатысты қалыптасқан жүйе біздің бақылауымызсыз республика территориясына радиоактивті материалдардың кіргізілуіне жол бермейді", - делінген Комитеттің ресми хабарламасында. Естеріңізге сала кетейік, ҰҚК-нің мұндай хабарлама таратуына ТМД-дағы антитеррористік орталықтың басшысы Андрей Новиковтың мәлімдемесі себеп болды. Ол Қазақстан арқылы ядролық қарудың  тасымалдану қаупі бар екенін айтқан еді. "Террористік топ ТМД еллдерінің территориясын, соның ішіндегі Қазақстанды ядролық қаруды тарату үшін пайдалануы мүмкін деген қауіп бар" - деген болатын ол.

ALASHAINASY.KZ. «Ресей салықты өсірсе, қазақстандық кәсіпкерлердің жайы не болмақ?» - Санкциялар салқынынан абдыраған Ресейде қазір қосымша құн салығын көтеру-көтермеу жайы қызу талқыға түсуде. Бұл жайында кеше ғана Ресей үкімет басшысының бірінші орынбасары Игорь Шувалов «Ресей экономикасының өсімі тежеліп, кідіріп қалмауы керек. Қазіргі экономикалық рейтингіміздің төмендеуі біздегі салық саласына өзгерістер енгізу қажеттігін меңзеп тұр» деді. Сөйтіп, Ресей өзінен «қашып» жатқан капиталдардың орнын салықты өсіру арқылы толтыруды көздеп отыр.

TURKYSTAN.KZ. «Жириновский жауапқа тартыла ма?» - Қазақстанға көзінің көлеңкесін қиғаш түсіріп жүрген орыс саясаткері Владимир Жириновский мәселесі Ресейдің Мемлекеттік думасында қаралатын болды. Бұл туралы жақында Астанада өткен социал-демократтардың халықаралық конференциясында Мемлекеттік дума депутаты Олег Нилов: "Мен Жириновскийдің пасық әрекеті үшін тағы да кешірім сұраймын. Ол арандатушылыққа бара береді. Оның келесі деңгейі енді фашизм болып табылады. Басқа мемлекеттердің парламентінде, аттарын атамай-ақ қояйын, ондайлар қаптап жүр, ал Ресейде ол біреу ғана, осынысы бізге кішкене болсын көңілге демеу. Бірақ бұл оның бүкіл ерсі қылығына төзіп, бетіне жіберіп қою керектігін білдірмейді",- деп ағынан жарылғандай болды. Жириновскийдің Қазақстанға қатысты айтып жүргендерінің барлығын орыс депутаты арандатушылық әрекет деп бағалады. Орыс саясаткерінің сандырағының астында ешқандай астар жатпады деп ақтап алудың еш қисыны жоқ. Сондықтан, айтылған сөздері үшін Владимир Жириновский жауап беруі тиіс.

AIKYN.KZ. ««Түркі академиясы туралы» құжатты бекітті» - Келешекте барлық түркітілдес елдер бірыңғай алфавитке көшуі мүмкін. Елбасының бастамасымен және барша түркітілдес мемлекеттер басшыларының қолдауымен құрылған арнайы Академия алдына осындай міндет қойылды.

Кеше, Қабиболла Жақыповтың төрағалық етуімен өткен Мәжілістің жалпы отырысында қалаулылар «Түркі Академиясын құру туралы» Келісімді ратификациялаған болатын. 2012 жылы Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркия арасында қол қойылған осы құжатта тиісті шарт қарастырылып отыр. 

AZATTYQ.ORG. «Иран ИШИМ-ге қарсы жеке соғысады» - «Ислам мемлекеті» содырларына қарсы құрылған халықаралық коалицияға Иран кірмей қалды. Бірақ бұл ел АҚШ бастаған одақпен қосарласып, содырлармен өз алдына жеке соғыспақ.

«Қатыгездік құрбандарына көмек жобасы үкіметтен үміттенеді» - Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету стандарты жобасы таныстырылды. Жоба авторлары мен белсенділер бюджеттен қаржы алудан үміттенеді.

EGEMEN.KZ «Маңғыстауда мал аштығы: мәселе қалай шешіледі?» - Жердің де, малдың да жағ­дайы жақсы емес. Бұған жуырда іссапармен Бозашы бойындағы ауыл-аймақты аралап қайтқанда көз жетті. Ауылдарға жеткенше, жол бойы көргеніміз жылқыға тән асау мінезбен жұлына ойнақтайтын еркелік, паңдық жоғалып, сүйектері сойдия ілбіп жүрген сүлдерлер.

INFORM.KZ. «Қостанайда ауа сатыла бастады» - АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай вокзалдарында темір қалбырда ауа сатыла бастады. Бұл туралы «Қостанай жаңалықтары» газетінде хабарлаған. Қостанай ауасының бір қалбыры 450-500 теңге тұрады. Қалбырдың сыртындағы жазуға қарағанда, бұнда 35 пайыз Жағалаудың ауасы, дәл осындай көлемде Орталық саябақтың  ауасы, қалғаны қарағайлы орманнан алынған. Ауаның жарамдылық мерзімі - 100 жыл. Сатушылар бұл идеяның авторы туралы жөнді мәлімет бермеді. Айтуларынша, оларға бір жігіттер әкеп береді екен. Ал адамдар кәдесый ретінде алып жатқан көрінеді.

ZHEBE.COM. «Ортақ валюта «рубль» болуы мүмкін бе?» - ЕУЭО үстіміздегі жылдың мамырында Ресей, Қазақстан, Беларусь арасында құрылды, 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. Ендеше, төл теңгеміздің құны қаншалықты қымбат орынды иеленеді немесе құнсызданатынын жаңа жылдан күтеміз. Кей экономистеріміз ортақ валютаның рубль болуы мүмкін емес дегенді кесіп айтса, кейбірі «әбден мүмкін және оның өзіндік оң тұстары да болады» дейді, ал, кейбіреулер «төл теңгемізден айрылғанымыз, егемендігімізді қолдан бергеніміз» деп әлден дабыра қылуда. Уақыт төреші!

«Қазақтың көбейгенін қаламайтындар кімдер?...» - Жалпы, халықтың қалыпты өсуі жағдайында әрбір 25 жыл сайын қазақ халқының саны екі есеге артып отыруы тиіс. Қазақтың тарихына қарасақ, осындай өсім ешқашан тоқтаған емес. Біздің жер бетінен жойылып кетпей отыруымыздың бір себебі де осы болса керек. Мысалы, 60–80-жылдары қазақ халқының саны екі еседен астам өссе, содан кейінгі 25 жылда мұндай өсім болған жоқ. Неге? Міне, осы сұраққа жауап іздеуге тиіспіз.  

18 қыркүйек 2014, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.