Атырау, 27 сәуір 03:14
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстанда 2020 жылдан кейін мұнай өндіру көлемі азаюы мүмкін

5 264 просмотра

Фото: ҚазақпаратФото: ҚазақпаратҚазақстанда 2020 жылдан кейін мұнай өндіру көлемі азаяды деген болжам жасалып отыр. Бұл туралы бүгін KAZENERGY ассоциациясының «Ұлттық энергетикалық баяндама 2013» тұсаукесерінде компанияның бас директоры Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Баяндамада әлемдік трендтер таразыланды. Әлемдік агенттіктердің болжамы бойынша бұрынғыша энергия өндірісінде негізгі үлес энергияның дәстүрлі көздеріне тиесілі болмақ. Әрі қарай біз Қазақстандағы бастаушы энергия ресурстарына талдау жасадық. Елімізде алдағы уақытта мұнай өндіру көлемі артады», - дейді Ә.Мағауов.

2020 жылға қарай Қазақстанда 130 млн тонна мұнай өндіріледі деп болжанып отыр.

«Әрі қарай мұнай өндіру көлемі белгілі бір мөлшерде азаяды. Бұл еліміздегі ірі және бұрыннан келетін кен орындарында өндіріс көлемінің қысқаруымен байланысты. Осы ретте біз геологиялық барлауға тартылатын инвестиция көлемін арттыру мәселесін көтердік. Өйткені, соңғы онжылдықтарда мұнай саласындағы негізгі инвестициялар ашық кен орындарын игеруге жұмсалғанын көріп отырмыз. Геологиялық барлауға инвестия мүлдем тартылған жоқ деуге болады», - дейді ол.

KAZENERGY бас директорының пайымдауынша, Үкімет тиісті шараларды қолға алмаса, бұл болашақта мұнай өндіру көлемінің қысқаруына алып келеді.

Дереккөз: bnews.kz

18 қыркүйек 2014, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.