Атырау, 26 сәуір 15:50
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Олар жұмыс жасағылары келеді

1 678 просмотра

Тамыздың аяғынан бастап әуежайға апаратын тас жолды көгалдандыру жұмыстарына облыстық саңыраулар мен мылқаулар қоғамының мүшелері шақырылды.

Мәселен, сөйлей алмайтын Ұлдай ҚОСМҰХАНОВАНЫҢРайхан ЕСҚАЛИЕВАНЫҢ және нашар еститін Светлана ЦОЙДЫҢ міндетіне тас жол бойындағы жас қарағаштарды суару және олардың айналасын қазу кіреді. Жұмысшылар оқта-текте ишарамен ымдасып қояды. Ал, маған шлангадағы судың сылдыры мен жерді қазған тарсыл ғана естіледі.

Таяу уақыттан бері жұмыс күшінің жетіспеуі салдарынан әлеуметтік жоба шеңберінде «Атыраузеленстрой» көгалдандыруға мүгедектерді тартқан болатын. Мен түсінбей қалған кезде кейде саусақтарымен түсіндіріп, кейде қойын дәптерге қысқаша жазулар жазу арқылы әйелдер бұл жұмыстың олар үшін қиын-қыстау өмірлерінде терезеге түскен жарық сәуле секілді болғанын әңгімеледі.

Қыздардың бірі қолын төмен түсіріп, менің түсінуімше, кішкентай бойлы баланы меңзеп, содан соң иықтағы сөмкені ишарамен көрсетіп, бас бармағын сұқ саусағына үйкелеп, абыржи қолдарын сермеледі. Содан соң жүзінде азапты қиналысын білдіріп, белін уқалап, күрсіне иықтарын көтерді.

-Сіздің балаңыз бірінші сыныпта оқиды, ақша жоқ, содан соң қалай еткенде де табыс табу үшін осынау қиын жұмыстарды жасауға кірдіңіз бе?

Жауап ретінде ол өзін түсінгеніне қуанып, басын изей берді.

Анықталғандай, үшеуінің де отбасылары мен балалары бар екен. Бірақ олардың бәрі де мұқтаждықпен өмір сүруде. 24 мың теңгеден аспайтын мардымсыз жәрдемақы тірліктеріне жетпейді. Бірақ енді осы жұмыстың арқасында айдың аяғында 60 мың теңге жалақы алмақ. Үшеуі де оң қолдарының жұдырықтарын түйіп алып, бас бармақтарын жоғары көтереді. Олар үшін бұл сома жеткілікті дегендері шығар деп жорамалдадым.

Бұл жұмыстарға оншақты адам шақырылған екен. Жұмыс жасауға 5-6 адам тұрақты шығып тұрады. Қалғандары денсаулықтарына  байланысты немесе басқа да себептермен тұрақты шықпайды.

- Қиын болса да, бұл жұмыс қой. Жұмыс күнінің аяғында аяқ-қолымыз, беліміз ауырып қалады, өйткені, иіліп жұмыс істеуге тура келеді, - деді естімеуі салдарынан түсініксіздеу сөйлеген Светлана. – Біздің өзіміз жұмыс таба алмаймыз. Тіпті, қара жұмысты да. Жұмыс берушіге әдетте мүгедектен гөрі дені сау қызметкерді жұмысқа алған оңай. Бірақ бұл жұмысты бізге ұсынғанына қуаныштымыз. Жұмыс істеп, күйеулерімізге көмектесетін боламыз.

Айта кетерлігі: бұл жұмысқа тек әйелдер ғана келіскен.

- Осындай жалақы алатын басқа жұмысшылардан ерекшелігі мүгедектердің жұмыс күні 6 сағат, - дейді «Зеленстрой» директорының орынбасары ГеннадийКИМ. -Егер қаласа, олар маусым аяғына дейін жұмыс істейтін болады.

Әрі қарай ше?

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

18 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.