Атырау, 26 сәуір 22:53
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Жарылқап Қалыбай: Гитлерді Путин үшін жаздым". "Білезігі» бардың қылмысы бар". "ЖСДП Украинаға қатысты билік позициясын қолдады". "Ағымға арбалған оқушы". "Санкцияның салдарынан Түркіменге күніміз түсті". "Логистика... немесе ақшаның «көкесі» қайда?".

2 254 просмотра

TURKYSTAN.KZ. «Ажырғыдан арылмаған бизнес немесе мораторийден кейін жағдай неге өзгермеді?» - Неліктен тексерулерге жарияланған мораторий шағын және орта бизнес субъектілерінің жағдайын жақсарта қоймады? Кәсіпкерліктің дамуына кім кедергі? Мораторийден соң, заңсыздық пен бассыздық неге азаймай тұр?

ABAI.KZ. "Логистика... немесе ақшаның «көкесі» қайда?"- Логистика саласының маңызы мен мәні зор. Еуропа, Қытай және Ресейдің арасындағы транспорттық дәліз Қазақстанды кесіп өтеді. «Сондықтан, бұл саланың болашағына бүгіннен-ақ мән беру керек» дейді мамандар. Ал еліміздің ұзақмерзімді стратегиялық дамуында,  жүк тасымалын ондаған миллион тоннаға көбейту тайға басқан таңбадай көрсетілген. Бұл үшін алдымен ішкі нарықтың нормаларын ретке келтірген жөн. Қазақстандағы ең ірі AILPgroup логистикалық компаниясының басшысы Николай Каширин осындай пікірде.

«Жарылқап Қалыбай: Гитлерді Путин үшін жаздым» - Қыркүйектің 12-сі Алматы қалалық апелляциялық соты Алмалы ауданының №2 аудандық соты шығарған «Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ» журналына байланысты 30 маусымдағы шешімді қайта қарады. Естеріңізде болса,  сәуір айындағы №8 санына байланысты аталған журналға айып тағылған болатын. Сотқа берушілер «АҢЫЗ АДАМ» журналы Гитлерді ақтады деп санайды.

«Руды санап, қазақты азайтып жүрген кім?» - Біршама сайттардан «Тәуелсіз сарапшылардың есептеуіне қарағанда арғынның жан саны-  509 мың» деген мақала көзге түсті. Аты- жөндерін тірі жан білмейтін, ең болмаса құлағы қылтиып көрінбейтін осы құпия «тәуелсіз сарапшылар»  найманды да осы мөлшерде деп жазған алдында.

AIKYN.KZ. «Санкцияның салдарынан Түркіменге күніміз түсті» - Қазақстандағы жанар-жағармай ба­ғасының қымбаттағанына бір ай толмаса да елдегі кәсіпкерлер Үкі­метке оның құнын тағы да көтеру жөніндегі мәселемен шығып отыр.

«Білезігі» бардың қылмысы бар» - Алдағы уақытта шартты түрде сотталғандар мен мер­зімінен бұрын босатылғандар, сондай-ақ әкімшілік бақылау жазасына кесілгендерді қадағалау мақсатында, оларға электронды білезік тағылады.

AZATTYQ.ORG. «Тағдырластарына жұмыс тапқан мүгедек кәсіпкер» - Оралдық мүгедек кәсіпкер жиһаз цехын ашып, өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтып отыр. Ол мемлекет қолдауына көп үміт артпайтынын айтады.

«ЖСДП Украинаға қатысты билік позициясын қолдады» - Астанада өткен жиында Социалистік интернационал комитеті Украинаның оңтүстік-шығысына барынша көбірек автономия беруге шақырды. Жармахан Тұяқбай биліктің ұстанымын қолдап шықты.

JASQAZAQ.KZ. «Өзі ластайды, өзі бақылайды» - Төменгі палатаның екінші жұмыс аптасы қып-қызыл даумен басталды. Оған себеп болған – Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев. Сәрсенбідегі алқалы жиынға министр екі маңызды заң жобасын «көтеріп» әкелді. Жайшылықта үкіметтің жобаларын мақұлдағыш мәжілісшілер осы жолы өйтпеді. Өйткені, үкімет дайындаған «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына көңіл толмады.

«Ағымға арбалған оқушы» - Таяуда өткен білім саласы қызметкерлерінің Тамыз конференциясында Ақтөбе қаласының «бас педагогы» – қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева 87 мектеп оқушысының дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүргенін мәлімдеп, айды аспанға бір-ақ шығарды. Бұл мәліметті «бас ұстаз» тарқатып та айтпады, себебін де тәптіштеп жатпады.

BAQ.KZ. «Бала жанұяда өмір сүруі тиіс» -  Қазіргі уақытта республикада 33 680 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар. Бүгінгі материалымызда Baq.kz журналистері жетім балалардың проблемасы елімізде қалай шешіліп жатқандығын анықтау мақсатында мамандармен пікірлескен еді.

17 қыркүйек 2014, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.