Атырау, 26 сәуір 23:08
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Назар аударыңыз! Теміржол өткелінің астындағы қозғалыс жабылады

1 962 просмотра
Ертең, 14 қыркүйекте сағат таңертеңгі 9-дан бастап үш тәулікке Привокзальный ықшамауданында әскери бөлімше жанындағы теміржол өткелінің астындағы қозғалыс толықтай жабылады. Бұл туралы бізге «Атырауинждорстрой» ЖШС хабарлады.
- Жұмыс көлемі қалалық әкімдікпен мақұлданды. Көрсетілген уақыт ішінде асфальттың екі қабаты төселіп, екі автобус «қалташасы», жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады. Көлік қозғалысы Бірлік поселкесінің маңындағы жол өткеліне Говоров пен Элеваторный көшелерінің бойымен айналып өтеді, - деп хабарлады жол-құрылыс компаниясының өкілі Зайни МҰСТАЖАПОВ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
13 қыркүйек 2014, 23:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.