Атырау, 27 сәуір 06:25
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Журналист Джеймс Фоули басы кесілерден бұрын азапталған

1 270 просмотра

Джеймс Фоули. ©Free James Foley/FacebookДжеймс Фоули. ©Free James Foley/FacebookИсламист-содырлардың тұтқынында болған америкалық журналист Джеймс Фоули басы кесілерден бұрын азапталған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Америкалыққа суға тұншықтыру әдісі қолданылған, бұл әдісті Орталық барлау басқармасының қызметкерлері 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестіктен соң ұсталған исламистерге қолданған болатын. Бұл әдіс бойынша адамның басы суға батырылады немесе оның тыныс жолдарына су құйылады. Америкалық ақпарат құралдарының мәліметінше, Фоулимен бірге тұтқында болған тағы үш адам да осылай азапталған.

Еске сала кетейік, жуырда Джеймс Фоулидің соңғы хаты жарияланған болатын. Онда журналист тұтқында бір бөлмеге 17 адам болып қамалғанын жазған. Бірақ онда азаптау туралы ештеңе айтылмайды.

"Біз кино, спорт, басқа да нәрселер туралы ұзақ әңгімелесеміз, камерадан табылған түрлі қалдықтардың көмегімен ойындар ойнадық. Жарыстар мен турнирлер ұйымдастырдық, бізге мұның бәрі уақыт өткізуге көмектесті", - деп жазған Фоули. Ол тұтқындардың бәрі сыртқа шығарған кезде қуанатынын, бірақ әркімнің жеке бостандықты армандайтынын жазыпты.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Ислам мемлекеті" тобының содырлары 39 жастағы Джеймс Фоулидің басы кесілгені түсірілген бейнероликті жария еткен еді. Америкалық журналист 2012 жылы Сирияның солтүстік-батысында тұтқынға түскен. Кейін ағылшынның арнайы қызметтері қанішердің кім екенін анықтады, олардың мәліметінше, лаңкес Джихади Джон есімімен танымал 23 жастағы Абдель-Маджид Абдель Бари болуы мүмкін. Сарапшылар Фоулидің кадр сыртында өлтірілгенін, ал бейнероликте бас кесу сәті ишараланғанын айтты. Ал Башар Асад өкілдері журналистің бір жыл бұрын өлтірілгенін, бірақ бұл видеоның енді ғана жарияланып отырғанын мәлімдеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 тамыз 2014, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.