Атырау, 27 сәуір 03:57
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Оқиғалар тізбегі

1 971 просмотра

Орталық көпірдің маңынан 23 жастағы қала тұрғынының велосипеді ұрланды. Күдікті ретінде 27 жастағы жігіт ұсталды. Айғақ зат алынды.

*   *   *

Таңғы сағат бес жарымның шамасында үй қожайыны өз ауласынан үш жас жігітті байқаған. Олар қожайынның көлігінің мемлекеттік нөмірін ашқышпен бұрап түсіріп алмақ болған. Үшеуі де қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен отыр.

*   *   *

Махамбет ауылында 20 тамыз күні таңғы сағат 6.30-да 23 жастағы бойжеткен сабалды. Оны ұрып-соққан 25 жастағы жігіт қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен отыр.

*   *   *

Қаланың 31 жастағы тұрғыны 150 мың теңгеге жақсы жұмысқа орналастырамын деп уәде берген. Дәл осылай ол әр түрлі уақытта үш жігітті алдап соққан. Уақыт өте келе уәде етілген жұмысқа қолы жетпеген алданған жігіттер бір уақытта полицияға арызданған. Қазір алаяқ іздеуде жүр.

*   *   *

Томарлы ауылының 25 жастағы тұрғыны өзінің 35 жастағы құлсарылық танысына бес миллион теңге берген. Ол бұл ақшаға аукционнан арзан бағаға бірнеше автокөлік алып беруге уәде еткен. Алаяқ қазір іздеуде жүр.

*   *   *

Тоңазытқышты жөндеп беремін деп 32 жастағы әйелден 50 мың алған 48 жастағы Балықшы тұрғыны сол күйі техниканы жөндеместен бой тасалаған.Бұл оқиға наурызда болған, алданған әйел тек тамызда ғана полициядан жігітті жазалауды сұрап арыз жазған. Қазір жөндеуші іздеуде жүр.

*   *   *

 Балықшының 21 жастағы тұрғыны өзінің танысынан Айфон-5 ұрлап алды. Ол 19 тамыз күні оның үйінде түнеген болатын. Келтірілген зиян 150 мың теңгеге бағаланды. Күдікті ұсталды.

*   *   *

Құлсары қаласының 21 жастағы тұрғыны 20 тамызда Геолог поселкесінен келген таксисті ұрып-соқты. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің денесінде бірнеше жара мен көгерген жерлері барын анықтады. Бұзақы қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен отыр.

*   *   *

Қалалық ЖШС-тердің бірінің қызметкері 284 мың теңгені талан-таражға салды. Бұл ақша компанияға тиесілі болған және оған қажетті құрал-саймандар сатып алу үшін берілген. Ақшаны жұмсаған жігіт белгісіз бағытта жасырынған. Қазір ол іздестірілуде.

*   *   *

Атырау – Астрахан трассасында 20 тамызда Шевроле Авео көлігі тоқтатылды. Исатай АІІБ қызметкерлері оның салонында 200 келі жаңа ауланған сазан барын анықтады. Жүргізуші Нарын ауылының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Балық тәркіленді, тергелуде.

*   *   *  

Құлсары қаласында 21 тамызда таңертең Шәріпов көшесінде екі жеке тұрғын үйдің қора-қопсысы тұтанды. Біреуінің 10 рулон пішені бар сарайы мен 60 теміржол шпалы өртеніп кетті. Екіншісінің сарайының шатыры жанып кеткен. Себептері мен шығындар анықталуда.

*   *   *  

Алмагүл мөлтек ауданының 21 жастағы тұрғыны полициға арызданды. Жақында сауда үйлерінің бірінде белгісіз біреулер оның ұялы телефонын ұрлап алған. Ұрлады деген күдікпен Құрманғазы ауданында тұратын 37 жастағы әйел ұсталды. Айғақ зат алынды.

*   *   *  

 

Сол күні компаниялардың бірінің кеңсесінде қызметкер әйелден бағасы 150 мың теңге тұратын Айфон-5 ұрланды. Күдікті - 44 жастағы Жұмыскерде тұратын әйел. Одан айғақ зат алынды.

*   *   *  

    Полицияға Авангард ықшам ауданының 27 жастағы тұрғыны шағым түсірді. Ол 25 сәуірде БҚО-нан келген фотографқа отбасылық салтанатта түскен фотосуреттерді шығарып беруге тапсырыс беріп, оған 95 мың теңге төлеген, ал әлгі болса, ақшаны алып жоғалған.

28 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.