Атырау, 27 сәуір 02:26
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Жалған мәлімдеме жасаған шенеунікті отставкаға жіберетін механизм неге жоқ?». «"Қадір тұтқан" лентамыз Ресейдің туына айналуы мүмкін». «Аз балмен грантқа түсу амалын тапқандар». «Жарнама суреті қоғамдағы табуға тиіп кетті». «Депутат та өтірік айта ма?».

1 782 просмотра

ALASHAINASY.KZ    «Жалған мәлімдеме жасаған шенеунікті отставкаға жіберетін механизм неге жоқ?» - «Алаш айнасы» басылымы жалған мәлімдеме жасап, онысының арты іле-шала аймаңдай боп ашылып жатса-дағы еш шімірікпестен халық алдында жүре беретін өтірікші атқамінер шенеуніктерді жазалауды ұсынады.

«"Қадір тұтқан" лентамыз Ресейдің туына айналуы мүмкін» - Украинаның президенті Петр Порошенко жарлық шығарып, Жоғарғы Рада депутаттарына сепаратистік пиғылдағы өзге елдерден келетін символдарға шектеу қоятын және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді міндеттейтін заң жобасын әзірлеуді тапсырды.

«Балаңыз қисса жаттаса ағылшын тілін тез үйренеді» - Ой, рахат болды-ау! Мен бір-ақ рет айтам. Олар әрі қарай өздері жұлқа тартып кетеді. Шет тілінің сөздерін жаттағанда қазақ тілінің сөздерін жаттап отырғандай сіңіре береді.

AZATTYQ. ORG       «Аз балмен грантқа түсу амалын тапқандар» - Мемлекеттік «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша бөлінген 1050 гранттың көпшілігін иеленген оңтүстік қазақстандық жастар солтүстік, шығыс және батыс өңірдегі оқу орындарына түсіп жатыр.

«Жарнама суреті қоғамдағы табуға тиіп кетті» - Қазақтың дәстүрлі күйшісі мен орыс классик ақынының «сүйісіп тұрғанын» бейнелейтін жарнама баннерінің жобасына наразы топ суретшіні қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады.

«Бес әйелді аштықты доғаруға шақырды» - Интернет белсенділер Астанадағы аштық жариялап жатқан әйелдерді өмірлеріне қатер төндіретін бұл шараны тоқтатуға шақырды. Оларға жер үшін басқаша күресу керегін айтқанмен жолын көрсетпеген.

«Депутат та өтірік айта ма?» - Өткен демалыс күндері Светлана Романовская деген депутатымыз тың жаңалықтың жаршысы боламын деп, өсек-аян тарататын өтірікшілердің қатарына қосылды.

ABAI.KZ   «"Жекешелендіру" ашық өтеді» - «Жекешелендірудің екінші толқынында әрбір нысанның сатылуы ашық, жария жағдайда жүзеге асуы керек. Конкурстың қалай өткенін, кімнің қандай нысанды иеленгенін, кімнің нені жасаймын деп уәде еткенінен халық хабардар болуы тиіс.

«Тарихта “жабулы қазан” қалмауы керек» - Қанша жерден бәрі өзгереді, бәрі өтеді де кетеді десең де  өзгертуге ешкімнің хақы жоқ  ең бір киелі нәрсе бар. Ол – әр ұлттың тарихы.

QAZAQUNI.KZ     «Гомосексуализм насихатына қашан заңмен тыйым салынады?» -Жетпіс жеті атамыз естімеген бұл сұмдықтың алдын алу үшін қатаң заң қажет.

ULT.KZ  «Жекешелендіруден кәсіпкерлер не ұтады?» - 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру барысындағы келелі мәселелер талқыға түскен дөңгелек үстелде Қаржы министрінің орынбасары Руслан Дәленов бүгінге дейін жалпы құны 1 млрд. 77 млн. 487 мың теңгені құрайтын 28 нысанның сатылғанын хабарлады.

26 тамыз 2014, 08:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.