Атырау, 26 сәуір 16:30
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Гитлер жайлы мақалаға сараптама қайта жасалады

2 131 просмотра
28 шілде күні Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Дастан Алыбаев «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналының ісіне қатысты сот-филологиялық сараптаманы қайта жасату жөнінде шешім шығарды.
 
Басылымның бас редакторы Жарылқап Қалыбайдың Азаттық тілшісіне айтуынша, журналдың Гитлерге арналған нөміріне қатысты мемлекеттік филологиялық сараптамада екұшты жайттар болғандықтан, сараптамашы Назым Мұқанова осыған дейін сотқа шақыртылған. Бірақ Астанада тұратын маман отбасы жағдайына байланысты сот отырысына келе алмайтынын хабарлаған.
 
Бұған дейінгі сот-филологиялық сараптама қортындысында Адольф Гитлерге қатысты журнал мақалаларында «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни араздықты немесе алауыздықты қоздыру, азаматтардың діни көзқарасына, ұлттық, рулық, немесе нәсілдік белгілері бойынша олардың айрықшылығын, артықшылығын немесе кемшілігін айтатын сөздер, сондай-ақ экстремизмді насихаттау немесе экстремизм актісін жасауға жария түрде шақыру белгілері жоқ» делінген. Бірақ сараптаманың жалғасында «Адольф Гитлер фашист емес» дейтін мақалада «экстремизмді ақтау белгілері бар» деп көрсетілген.
 
Сәуір айындағы нөмірінде Адольф Гитлер туралы қарама-қайшы мақалалар жариялаған соң дауға қалған «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналы редакторы Жарылқап Қалыбайды маусымның соңында Алмалы аудандық соты оның үстінен шағымданған 13 адамға жиыны 13 миллион теңге төлеуге және екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінен жария түрде кешірім сұрауға міндеттеген еді.
 
29 шілде 2014, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.