Атырау, 27 сәуір 03:25
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Фестивальдан фестивальға

2 227 просмотра

«Фламинго» эстрадалық би тобы Астанада Халықаралық «Шаттық» жас таланттар фестивалінде облысымыздың атынан лайықты өнер көрсетті.

«Фламинго» би мектебі 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Белсенді концерттік қызметтің, сондай-ақ, қайырымдылық акцияларға қатысудың арқасында бүгінде ұжым Атырауда ғана емес, өңірден тысқары жерлерге де танымал болған. Маусымның басында «Фламингоның» ең кішкентай қатысушылары Атыраудың атынан Алматыда өткен халықаралық «Бозторғай» фестиваліне қатысты. Жас бишілер фестивальға қатысушыларға өте жақсы әсер қалдырды. Осыған байланысты ұжым Ресейден, Болгариядан, Түркиядан, Израильден, Италиядан және басқа елдерден 500-ден астам әртістің басын қосқан «Шаттық» жас таланттардың халықаралық фестиваліне қатысуға шақырту алды. Бұл фестивальде Атырау облысынан Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайының жанындағы «Фантазия» вокалдық студиясының шәкірттері Гаухартас САГИТОВА мен Арсен ҚАЙРАТОВ қатысты.

– Біздің бишілер үшін осындай жоғары деңгейдегі халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысу – шеберліктің керемет мектебі. Кіші құрам атыраулықтар ұнататын «Вальс» пен «Джайвты», сонымен қатар жаңа қойылымдарды – орыс және қазақ билерін орындады, - дейді «Фламинго» тобының жетекшісі Венера МАНАСОВА.

Ұжым есептік концертке жаңа бағдарлама әзірлеуді жоспарлап отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.