Атырау, 26 сәуір 21:14
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Әуежай жанынан заңсыз жер берген

2 654 просмотра

Көрнекі суретКөрнекі суретАтырау қаласы әкімдігі әуежай маңындағы жер телімдерін заңсыз берген. Осындай хабарлама 21 шілдеде ҚР Бас көлік прокуратурасының сайтында жарияланды.

«Атырау қаласы әкімдігі азаматтық авиация саласындағы өкілетті органның келісімін алмай, әуежай маңы аумағынан жеке тұрғын үй құрылысына 40-қа жуықжер телімін берген, бұл Атырау халықаралық әуежайының қауіпсіз қызмет етуіне тікелей қауіп тудырады», - делінген хабарламада.

- Бұл заңбұзушылықтарды біз Атырау қаласы әуежайының авиациялық қауіпсіздігіне талдау жасау жүргізу нәтижесінде анықтадық. 2011-2012 жылдары құрылыс үшін жер беруде қалалық әкімдік Азаматтық авиация комитетінің келісімін алмаған, - деп түсінік берді Атырау облысының көлік прокуроры Болат ХАЛЫҚОВ.

Ол бұл жерде әңгіме Мұз сарайы маңындағы коттедждер салу үшін берілген жер телімдері туралы екенін айтып өтті. Үйлердің көпшілігі салынып қалған, адамдар тұрып жатыр. Жаңадан салынған үйлердің тағдырын Бас көлік прокуратурасы, Азаматтық авиация комитеті және тексеру материалдары жіберілген Атырау облыстық жер қатынастары басқармасы шешетін болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.