Атырау, 27 сәуір 05:01
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Өтелмеген несиелер мен мерзімі өтіп кеткен қарыздар». «Путин ұшақ апаты жайлы үндеу жариялады». «Екі Boeing апаты арасында байланыс бар ма?». «Прокуратура: іс нәтижелі, мақсат көп». «Сабыржан Махметов: Қасқыр ғана циркте билемейді».

2 485 просмотра

KAZTAG.KZ   «Өтелмеген несиелер мен мерзімі өтіп кеткен қарыздар» - Жомарт Ертаев Альянс банкінеірі көлемдегі несиесін қайтармады. Оның кепілзатпен қамтамасыз етілмеген өтеу мерзімі өтіп кеткен үш қарызыбар.  Олардың жалпы сомасы 2 миллион долларды құрап отыр. 

AZATTYQ. ORG       «Путин ұшақ апаты жайлы үндеу жариялады» - Ресей президенті Владимир Путин малайзиялық Boeing 777 ұшағының Украинадағы апаты жайлы үндеу жариялады. Апат орнынан қазірге дейін 270 адамның сүйегі табылғаны хабарланды.

ALASHAINASY.KZ    «Екі Boeing апаты арасында байланыс бар ма?» - Украина аумағында апатқа ұшыраған малайзиялық ұшақ бортынан жеке адамдардың су жаңа құжаттарының табылуын әр сала мамандары әр саққа жүгіртуде. Базбір бейресми деректерге қарағанда сол күні Амстердамнан бір емес, екі ұшақ ұшқан.

«Өткен жылғы Азия чемпионаттарынан 96 жүлде алыппыз» - Бүгінде Қазақстан спортшылары мен бапкерлері қыркүйек айының екінші жартысында басталатын ХVІІ жазғы Азия ойындарына жан-жақты дайындалып жатыр.

«Өзбектің көлігі қазақтікінен неге арзан?» - Қазақстан автокөлік құрастырып шығарғалы бері ағыл-тегіл пайдаға кеңеліп көрмепті. Керісінше, біздің нарықтың әбден қызығына батушылар өзбектер мен украиндықтар екен.

AIKYN.KZ   «Прокуратура: іс нәтижелі, мақсат көп» - Еліміздің Бас прокуратурасының қызметкерлері биылғы өткен алты айда атқарылған істерді жан-жақты зерделеп, елімізде қылмыс атаулыны болдырмаудың жолдарын қарастырды.

«Тағы да бес қадам алға» - Қазақстан жаһандық инновациялық рейтингте тағы бес тұғырға биік көтерілді. Нәтижесінде, әлемдегі мемлекеттер арасында еліміз өнертабыстарды қолдау және жаңа технологияларды өндіру бойынша 79-орынға шығып отыр.

«Көрші қысылса, біздің жай қалай болады?» - Украина мәселесіне қатысты Батыстың қаһары Шығысқа ауып, Ресейге бір соққыдан соң бір соққы жұмсалып жатыр.

«Бизнес неге білімге қаржы салмайды?..» - Қазақстанның жоғары білім жүйесі соңғы жылдары көбірек техникалық және бизнес бағытындағы мамандарды даярлауға ойысып барады. Әйтсе де жергілікті ЖОО-ларды бітіріп шыққан түлектерге лайықты ұсыныс жасалуы екіталай.

QAZAQUNI.KZ    «Шәкәрім қолжазбалары Қазақстанға қайтарылды!..» - 30-жылдары тек Шәкәрім ғана емес оның балалары да қудаланды. Ұлы ойшыл-ақынның кіші баласы Зият Құнанбай ұрпақтарымен бірге Алтайға кетуге, одан әрі отанын тастап Қытайға қоныстануға мәжбір болған.

QAMSHY.KZ    «Сабыржан Махметов: Қасқыр ғана циркте билемейді» - Менің намысыма тиіп жүрген мәселе соңғы кездері бізде «сабырлы, жуас, төзімді, көнбіс болайық» деген ұрандардың жиі айтылуы. Жаратқан адамға малдан ерекше болсын деп өзіндік көзқарас, сана, ұстаным берді емес пе…

SHYN.KZ    «Қадір түнінің ұлықтығы мен артықшылығы» - Қасиетті айға, оның аса қадірлі Қадір түні кездесетін соңғы түндеріне есен-сау жеткізген Аллаһқа мақтаулар болсын! Елшісі Мұхаммедке, салауаттар мен сәлемдер, оның үй іші мен сахабаларына, соңынан ерген барша мұсылманға Аллаһтың рахымы мен берекеті жаусын!

22 шілде 2014, 08:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.