Атырау, 23 қараша 15:35
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сабалақ Айболиттерге үй керек

2 295 просмотра

Мүгедек балалар мен олардың таңғажайып дәрігерлері - Феде мен Форбс есімді лабрадор тұқымды иттерге көмек керек. «Атырау. Шағын ел» итбегілер клубының директоры Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВ ашқан канистерапия орталығы жұмыстарын жалғастыру үшін жаңа ғимарат іздестіруде.

БЦС, аутизм, психикалық дамудың тежелуі және Даун синдромымен ауыратын балаларды жануарлардың көмегімен емдеп жүрген Атырау тұрғыны Ерлан Күмісқалиев туралы біз өткен жылдың қазан айында жазған едік Қуаныш сыйлаған төбеттер»). Ол Қазақстанда балаларды дәрі-дәрмектермен емес, иттердің көмегімен емдейтін бірден-бір орталық ашты. Ең бастысы, барлық сеанстар тегін жүргізіледі.

- Бес жасар Әсемай РЫСЖАНДЫ біздің кабинетімізде үш ай болғаннан кейін облыстық медициналық-педагогикалық комиссия дені сау деп танып, балабақшаға баруға рұқсат берді. Басқа балаларымызда да жағымды оң ілгерілеушіліктер бар. Дәрігерлер балалардың барлығына жуығынан орталық жүйке жүйесі бұзылғандардың барлығына тән спастикалық құбылыс сияқты ауыр симптомды жеңуде оң қарқындарды байқаған, - дейді Ерлан. – Аутизммен ауыратын балаларда да нәтижелер бар. Олар ашыла түсіп, қоршаған ортамен байланыс жасай бастады. Ашылған сәттен бері біздің қызметіміз көптеген адамдардың қызығушылығын тудырды. Біздің кабинетімізге көбіне «үйретуге келмейді», «үмітсіз» деген сияқты қорқынышты атаулар таңылған жандар келеді. Олар біздің шағын орталығымыздан қолдау мен үміт табады.

Бүгінде шағын орталықта екеу емес, үш лабрадор жұмыс жасайды. Атырау қаласында 60 бала тұрақты негізде қабылданса, мамандар аптасына бір рет аудандарға шығып тұрады. Оларға Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан да балаларды әкеледі.

Осы уақытқа дейін орталық орынжайды тегін берген «Тамаша» ойын-сауық орталығында жұмыс жасады, алайда мамыр айынан бастап басқа жер іздеуге тура келіп отыр. Бұл туралы хабарды Ерлан Күмісқалиев өзінің әлеуметтік желілердегі бетшесіне жариялады. Орталық өз қызметінде ауыр жабдықтарды қолданбайды, сондықтан да жаңа орынға Ерланның қоятын талаптары жоқ деуге болады: ең бастысы, балалардың ата-аналарына келуге оңай болса болды. Медициналық мекемелермен көрші болу нұсқасы бірден қабылданбады: балалар онсыз да дәрі-дәрмектік емді үнемі алып отырады және барлығы одан шаршаған. Ақ халатты адамдарды көргенде оларда қорқыныш пен қысылу сезімдері пайда болады.

Орталық өзіне орынжай тауып, балаларды емдеуді әрі қарай жалғастыра береді деп сенеміз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.