Атырау, 27 сәуір 06:16
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Қолжетімді баспана» бағдарламасымен салынған үйге құрылысшылар басып кіріп алды

2 070 просмотра
Алматының Ақбұлақ ықшамауданында «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 2010 жылы салынып бітуі керек болған 9 қабатты үйдің барлық құжаттары – құрылысшылардың қолында! Бұл туралы 31.kz хабарлап отыр. 

Бригадирлерін алға салған олардың айтуынша, бес жылдан бері жалақы бермеген соң, «Тату-Г» атты мердігер компаниядан үйдің техникалық паспортын, келісім-шарттарын өздеріне алып алған. Бірақ, мұңдарын шағып, осы құжаттардың көшірмелерін Бас прокуратураға дейін жіберсе де, еш нәтиже жоқ. Сол себепті бүгін құрылысшылар бұл пәтерлерге өздері басып кіріп алды.

Бұл Ақбұлақ ықшамауданындағы құрылысы 2009 жылдан бері бітпей тұрған жалғыз үй. Тендерді Алматы әкімдігі 2006 жылы өткізген. Артынша 54 пәтердің құрылысына 280 миллион теңге бөлінген. Бірақ содан бері үй кезегінде тұрғандар пәтерлеріне кіре алмай, жұмысшылар айлығын ала алмай әлі жүр.

«Мен елдің ақшасын бермейінше, техпаспортты бермеймін. Ақша жоқ па, жеп қойдыңыздар ма, қолмен істегендеріңізді мойынмен көтеріңіздер», - дейді Бауыржан Түркменбаев.

Шыдамы таусылған жұмысшылар, ақыры күзетшілер мен шаруашылық қызметкерлерінің қарсылығына қарамастан, үйдің терезелерін бұзып, пәтерлерге баса көктеп кіріп алды.

Мәселенің мән-жайын білмек болып, Алматы әкімдігіне де бардық. Жауапты қызметкерлердің бәрі кабинетінде отырғанымен, алайда ешқайсысы төбе көрсетпеді.

Құрылысшылардың шағымын тыңдауға әкімшіліктен бұл жолы да ешкім шықпады. Ал, көк тиынсыз қалған жұмысшылар бүгіннен бастап жаңа пәтерлерде түнеуге бел буып отыр. Ақша төленбейінше, заңды пәтер иелерін қоныстандырмаймыз дейді.

Дереккөз: bnews.kz

25 сәуір 2014, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.