Атырау, 26 сәуір 20:24
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атыраулық құтқарушылар ақтөбеліктерге қол ұшын берді

2 569 просмотра

ТЖД фотосуретіТЖД фотосуретіАтыраулық құтқарушылар Ақтөбе облысындағы күшті су тасқынының алдын алу жөніндегі жұмыстарға қатысуда.

Сәуірдің алғашқы күндерінде судан құтқару қызметінің, Батыс өңірлік апаттан құтқару жасағы мен Атырау облыстық ТЖД медициналық апат орталығының қызметкерлерінен құралған топ Ақтөбе облысының Қарғалы ауданының Қос-Істек поселкесіне аяқ басты. Олар поселке әкімімен бірге поселкенің аумағын аралап көріп, су басуы мүмкін учаскелерді анықтады. 

Құтқарушылар поселкенің жанында орналасқан су бөгетінің жағдайымен танысты. Ұзындығы 200 метр болатын канал бойынша суағар қалпына келтіріліп, топырақ салынған қапшықтардан жасалған бөгеттер орнатылды. Сонымен қатар ұзындығы 100 метр болатын канал учаскесі мұз бен қоқыстан тазартылды. Жеке үйлердің аулалары қардан аршылды. Поселкедегі қардың биіктігі 2 метрдей. Қос-Істек поселкесіндегі мектеп ғимаратында Атырау облысы бойынша судан құтқару қызметінің қызметкерлері жергілікті тұрғындарға су басқан жағдайда әрекет ету жөнінде дәріс оқыды.

Құтқарушылар поселке маңындағы Тарангүл, Айтпай, Қос-Істек өзендерінің арналарына жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізді. Жалпы ұзындығы 125 метр болатын екі мыңдай топырақ қапшықтарынан екі қоршау бөгеті салынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 сәуір 2014, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.