Атырау, 26 сәуір 23:50
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Студент оқушылар

1 427 просмотра

Шымкентте өткен республикалық пәндік олимпиададан облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның үш оқушысы жүлделі орындарды иеленіп қайтты.

Тарих пәнінен 11-сынып оқушысы Раушан ТОҚТАРОВА ІІ орынды, Мейірімгүл ОРАХОВА ІІІ орынды иеленді. Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білім сайысына қатысқан 10-сынып оқушысы Парасат ҚАНАТОВ ІІІ жүлделі орынға қол жеткізді.

Бұл жетістіктерінің арқасында Раушан мен Мейірімгүл республикамыздағы кез келген жоғары оқу орнының студенті атана алады, тек алда келе жатқан ҰБТ сынағынан сүрінбесе болғаны.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

10 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.