Атырау, 27 сәуір 08:25
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ет етке, ұтыс Гүлдестеде

2 363 просмотра

20 жастағы Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тұрғыны Гүлдесте ТӨЛЕГЕНОВАНЫҢ (суретте) «Что? Где? Когда?» зияткерлік ойыны қатысушыларына қойған сұрағы білімпаздарды тағы да сан соқтырды: Балаш КАСУМОВ командасының ет туралы сұраққа теріс жауап беруі біздің қызымызға 300 мың теңге пайда әкелді.

Гүлдестенің сұрағы блиц-сауалнамада үшінші болып оқылды және осы сұраққа дұрыс жауап беру білімпаздарға жеңіс әкелетін еді. Алайда бәрі ойлағандай болмады.

- Бразилиядағы мейрамханалардың бірінде жасалған жарнамада авторлар не туралы айтқылары келді? – деп жүргізуші сұрақ қойды.

Экранда ет турайтын тақтайдың ортасында тұрған төрт доғал аяғы бар шағын ағаш массаж жасау құралы бейнеленген сурет пайда болды. Жиырма секунд ойланғаннан кейін Дмитрий АВДЕЕНКО жауап берді: «Жүргізуші мырза, олар бұл мейрамханада келушілерді тек төрт аяғы барлармен ғана тамақтандырады дегісі келген».

«Назар аударыңыздар, дұрыс жауап, - деп хабарлады жүргізуші. – Сурет авторлары бұл мейрамханада... ең жұмсақ ет дайындалады деп айтқылары келген».

- Мен бұл бағдарламаны көптен бері қараймын, алайда менің сұрағым эфирде оқылады деп ойламаппын да, - дейді Гүлдесте. – Мен сұрақты желтоқсанда жібергенмін, ал қаңтардың аяғында сұрағым «Что? Где? Когда?» телебағдарламасына қатысу үшін болатын алдын ала іріктеуден өтті деген жауап келді.

...Өз жеңісім туралы әлеуметтік желілерден білдім: достарым мен туыстарым құттықтай бастады. Алғашында мұны әзіл деп ойладым, өйткені бағдарлама 1 сәуір күні болды ғой!

Айта кетсек, бұл атыраулықтардың «Что? Где? Когда?» ойынына бірінші рет қатысуы емес. 2013 жылдың қазанында атыраулық студент және «Атырау» жасөспірімдер футбол командасының ойыншысы Мансур МҰҚЫМОВТЫҢ да сұрағына білімпаздар жауап таба алмаған. Ал жұмбық мынадай: «Тақиям толған сөк, таңертең тұрсам жоқ». Білімпаз Владимир УЛАХОВИЧ бұған үлпілдек деп жауап берді. Дұрыс жауабы жұлдызды аспан болатын. Сол ойында Мансур 50 мың ресей рублін ұтқан еді.

Анастасия ПАСТУХОВА

10 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.