Атырау, 27 сәуір 03:38
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бизнесмендерге «қармақтар» үлестірілді

3 971 просмотра

Өткен аптаның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бизнесті жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер үшін тренинг-семинарлар аяқталды.

Бұл бағдарлама бойынша барлық облысқа қаржы бөлінді және бизнесмендерді қандай жолмен қолдау керектігін әркім өзі шешті. Көпшілігі қаржыны оқытуға және кәсіпорындарға халықаралық ИСО сертификатын алуға жұмсаған. Атырау басқа жолды таңдады. «Біз бизнесмендерді оларға керекті біліммен қаруландыру бағытында болашақ үшін жұмыстануды жөн деп таптық. Былайша айтқанда, біз олардың қолына балықты емес қармақты ұстаттық»,-дейді «Бизнесті жүргізуді сервистік қолдау» лоты бойынша тендерді ұтып алған  «Агентства бизнес - решений» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Аяжан Көжекова.

Тренинг түрлі тақырыптарды қамтыды. Бизнесін жаңа бастағандар үшін «Бизнес-старт», кадрлық іс-жүргізу, ҚР салық салу, еңбек қатынастарын реттеу заңнамалары және тағы басқа да тақырыптар төңірегенде оқулар жүргізілді. Атырауда сертификат алған өзінің бизнес-жаттықтырушылары болмағандықтан Ақтөбе, Алматы, Астанадан және Мәскеуден тәжірибелі деген мамандар шақырылды. Айтпақшы, мәскеулік «Тренер-профи» орталығынан келген Валерия ДОЛГИХ жүргізген оқуларды да атауға болады.  «Әрине, көпшілік кәсіпкерлер ерте ме кеш пе өз істерін қалай дұрыс жүргізу керектігін түсінетін болады. Алайда, мәселе оған қанша уақыт кететіндігінде, мәселен, бес немесе одан да көп, соған тірелуде. Және қателіктерді түзетуге мүмкіндік бола ма?-дейді В.Долгих. –Ал бизнес-жаттықтырушылар кәсіпкерлерге уақыт пен ақшаны үнемдеуге көмектеседі.

30 үміткерден 8-і таңдалып алынды. Олардың әрқайсысының өз нақты бизнес-тәжірибелері, сондай-ақ, түрлі облыстарда тренингтер-консалтинг, психология, экономика және т.б. өткізу тәжірибелері бар. Жаңа жұмыстарын бастаған жергілікті бизнес-жаттықтырушылар өздерінің қызметтерінің жергілікті нарықта міндетті түрде қажет болатындығына сенімді.

 «Глобус» ҮЕҰ басшысы Галина ЧЕРНОВАэкологиямен байланысты тақырыптарда семинарларды бұрыннан-ақ жүргізіп келеді. Міне, бірнеше жыл болды ол Дамбыда экологиялық туризм жобасын ұсынып келеді. «Осы жоба аясында жергілікті тұрғындар кемпингтер, қонақ үйлерді, аймақты жабдықтауды, жалпы, туристерге қызмет көрсетуді ұйымдастыра алатын еді. Өз білімдеріміздің шамасында біздер олармен өз тәжірибелерімізді бөлістік, бірақ, бұл көбіне ерікті түрде, сезіну арқылы жасалды. Тренингтен кейін мен, әрине, өзімді бұл жобаға барынша жақсы дайындалғандай сезіндім»,-дейді Г.Чернова.

1-ші қарашадан бастап семинаралар мен тренингке 272 адам қатысты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.