Атырау, 27 сәуір 04:39
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Шатыр шатағы бітпей тұр

3 013 просмотра

Естеріңізде болар, газетіміздің соңғы нөмірлерінің бірінде («АЖ» №17 28.04.11 ж. “Бюджет қаржысын жалмаған шатыр”) Тайсойған көшесіндегі 70 пәтерлік үйдің жауыр болған шатыры жөнінде жазған еді.

 

Өткен айда ғана жұртшылық Жеңіс күнін тойлап жатқанда аталмыш үй тұрғындары аман-есен қалғандарына тәубе айтысқан. Өйткені төбе шатырының көп бөлігі сол күнгі болған қатты желдің салдарынан тағы да жерге сыпырылып түскен болатын.  Жетпіс пәтерлік үйдің шатырының бұл төртінші мәрте  ұшуы. Суретте көріп отырғаныңыздай, балалар ойын алаңындағы бағанды қақ жарған шатыр адамдардың зәресін алды. Құдай сақтап шатырдың астына ешкім түсіп қалмаған. Осыған тәубе дескен жергілікті билік баяғы жайбарақат күйде. Аудандық әкімдіктің ТЖ жөніндегі бас маманы Зоя НАМАЗҒАЛИЕВАНЫҢ мәлімдеуінше, шығыстан соққан желдің салдарынан бұдан басқа Д. Қонаев көшесіндегі көпқабатты №22 үйдің төбесіндегі қара қағазды да сыпырып түскен. Бүгінде табиғат апатынан болған шығын есептелуде. Әзірге жөндеуге жауапты «Аламан Атырау» ЖШС нің директоры екі жылға сотталса, осы іске қатысты басқа құзырлы орын адамдарының үстінен тергеу жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

9 маусым 2011, 00:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.