Атырау, 8 мамыр 21:42
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қоғам

Зиратқа барар жол таппаған әкім Қоғам

Зиратқа барар жол таппаған әкім

Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің мәжіліс залында өңірдің педагогикалық қауымдастығы Сенат депутаты Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ, Мәжіліс депутаттары Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ және Бейбіт МАМЫРАЕВПЕН кездесті. Олар «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң нормаларын түсіндіру үшін Атырауға арнайы келіпті. Дегенмен, кездесу барысында басқа да тақырыптар қозғалды. Атап айтқанда, Ізмұхамбетов Атырау облысының әкімі болған кезде өз туысқандарының қабіріне әрең жеткенін есіне түсірді.   7 қаңтар 2020, 16:34 6 900 просмотра
"Динадағы құл" еліне оралды Қоғам

"Динадағы құл" еліне оралды

Ауылдас бір отбасы Атырауға әкеліп, құлдыққа салып, «Дина» базарында қайыр сұрауға мәжбүрлеген шымкенттентік мүгедек Анатолий САЯПИННІҢ кейінгі тағдыры үнемі назарымда еді. Бір ай бұрын ол қаладан кетіп, өз еліне оралыпты. 9 желтоқсан 2019, 12:40 6 122 просмотра
Жатқұрсақ бала, жалдамалы ана Қоғам

Жатқұрсақ бала, жалдамалы ана

Жақында туысқаныма студенттік кездерден бері араласып тұратын бір құрбысы хабарласып, суррогат ана болуды өтініпті. Туысқаным тұрмыста, екі баласы бар. Құрбысы негізінен осындай әйелді тауып бер деген өтінішпен хабарласқан екен. Сөйтіп біз суррогат ананы іздей бастадық, бұл өте қиын шаруа екен. Бәрін басынан бастап баяндайын. 14 қараша 2019, 00:00 5 222 просмотра
Атырауда Фариза шығармашылығына арналған эстафета басталды Қоғам

Атырауда Фариза шығармашылығына арналған эстафета басталды

Атырауда поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында ақынның шығармаларын насихаттауға арналған акция басталды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қолға алған бұл жобаға облыс орталығындағы мектептер де қатысуда.  12 қараша 2019, 13:23 3 653 просмотра
Дауың болса, биге бар Қоғам

Дауың болса, биге бар

Атырау облысында билер кеңесі жыл басынан бері  250-ге жуық отбасы мәселесін қараған. Олардың 16-сы ажыраспауға шешім қабылдаса, 168 жағдайда алимент, баланы қамқорлыққа алу дауларын бітімгершілік жолмен шешкен. Ал қалған материалдар сотқа жіберілген. Бұл туралы брифингте «Атырау облысының билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғаббас ХИСМЕТТУЛЛИН мәлімдеді. 11 қараша 2019, 22:24 3 716 просмотра
Әркімге өз діні Қоғам

Әркімге өз діні

Бүгінде Атырау облысы бойынша 31 ислам, 3 православ,  2 католик, 1 кришнаизм және 7 протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер тіркелген. 40 ғибадат үйі  -  31 исламдық, 2 православтық, 2 католиктік және 5 протестанттық шіркеу - жұмыс істейді Сонымен қатар діни әдебиет немесе діни заттарды сататын арнайы 17 сауда нүктесі, қоғамдық орындарда 5 намазхана бар. Бұл туралы Дін істері басқармасының басшысы Қайрулла КӨШҚАЛИЕВ брифингте мәлімдеді.         11 қараша 2019, 21:22 3 725 просмотра
Жаңа бас имам тағайындалды Қоғам

Жаңа бас имам тағайындалды

18 қазанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі болып Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ тағайындалды. Бұл лауазымда соңғы 6 жыл отырған Батыржан МАНСҰРОВ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының насихат және қоғаммен байланыс бөлімін басқарады.   19 қазан 2019, 13:54 4 241 просмотра
«Еңбекақыны маңдай терің кеппей тұрып аласың» Қоғам

«Еңбекақыны маңдай терің кеппей тұрып аласың»

АЖ тілшісі қаладағы «Дина» сауда үйінің артында көпшілікке «пятак» деген атаумен танылып кеткен жалдамалы жұмысшылар тұратын жерге барып, көп қызықты нәрселер біліп қайтты. Ең маңызды алған әсері – бұлар қоғамнан шет қалған адамдар емес, өз жұмыстарын ешкімнен кем санамайтын бір-бір үйдің азаматтары. Бұл жерде тек жергілікті тұрғындар ғана емес, Орал, Шымкент, Қызылордадан келгендер де нәпақасын тауып жүр. Әрине, өзбекстандық бауырларымыз, дәлірек айтқанда, қарақалпақтар да бар. Сурет 17 қазан 2019, 00:00 5 991 просмотра
Құрақ көрпеге шетелден де сұраныс бар Қоғам

Құрақ көрпеге шетелден де сұраныс бар

11-13 қазан аралығында Атырауда алғаш рет «Көрпе Fest»  мегафестивалі өтті. Фестивальге барлық аудандар мен Орал қаласынан арнайы келген жүзден аса қыз-келіншектер қатысты. Сондай-ақ көрмеде 50-ге жуық қатысушының инсталяциясы көпшілік назарына ұсынылды. Сурет 15 қазан 2019, 09:57 6 438 просмотра
Атырауда дәрігерлер тамызғыштың қақпағын жұтып қойған сәбиді аман алып қалды Қоғам

Атырауда дәрігерлер тамызғыштың қақпағын жұтып қойған сәбиді аман алып қалды

Бір жасар сәби шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.  Дәрігерлердің айтуынша, бала тамаққа шашалып, сол түннен  қызуы көтеріле бастаған.  Екі күн өткен соң науқастың жағдайы нашарлап,  №2 облыстық ауруханаға жатқызылған.  Тексеріс кезінде дәрігерлер асқазанда пластмассалық тамызғыштың қақпағының барын анықтады, деп хабарлады Атырау өңірлік коммуникация қызметі. 14 қазан 2019, 13:26 3 788 просмотра
Атыраулық  дәрігерлер алты айлық сәбидің өмірін аман алып қалды Қоғам

Атыраулық дәрігерлер алты айлық сәбидің өмірін аман алып қалды

Кішкентай бөбектің ішек өтімсіздігі әсерінен шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.  11 қазан 2019, 12:42 4 186 просмотра
Автобус жүргізушісі: «Егер қалтақағарларды полицияға хабарласам, олар мені өлтіруі мүмкін»   Қоғам

Автобус жүргізушісі: «Егер қалтақағарларды полицияға хабарласам, олар мені өлтіруі мүмкін»

Жуырда Жерұйық ықшамауданында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, жолаушылар жарақат алған жол-көлік оқиғасы жергілікті полиция басшылары мен қоғамдық көлік жүргізушілерінің кездесуіне басты себеп болды. Кездесуде бірталай маңызды мәселелер көтерілді.   5 қазан 2019, 11:30 6 291 просмотра
Раушан гүлдер шаһары Қоғам

Раушан гүлдер шаһары

«Құрметті жолаушылар, ұшағымыз төмендей бастады. Перделер мен иллюминаторларды ашыңыздар, қайырмалы үстелдерді бекітіп, отырғыштарды тіктеңіздер». Тағы бірнеше минуттан кейін ақ ұлпа бұлттардың арасынан тозаңды тұман жамылған аласа таулармен астасып, құм реңдес үйлер көріне бастады. Армысың, Душанбе! Сурет 3 қазан 2019, 00:00 5 998 просмотра
Латынды балабақшадан үйренеміз Қоғам

Латынды балабақшадан үйренеміз

Нұрмұқан Жантөрин атындағы филормонияда "Latyn álipbii balabaqshada" тақырыбында облыстық байқау өтті. Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен шараға аудан және қаладағы балабақшалар шәкірттері қатысты. Сурет Бейнежазба 1 қазан 2019, 15:49 3 482 просмотра
Ресейлік күйші де құр кетпеді Қоғам

Ресейлік күйші де құр кетпеді

24-25 қыркүйек күндері Атыраудағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда халық әртісі Әзидолла Есқалиев атындағы халықаралық «Алтын домбыра» күй байқауы өтті. Күйсайысқа Ресей, Тәжікстан, Қарақалпақстан және еліміздің әр түкпірінен 19 үміткер қатысып, күйші-композитор, профессор Айтқали ЖАЙЫМОВ төрағалық еткен қазылар алқасы бағасын берді. 27 қыркүйек 2019, 09:40 4 930 просмотра
Құрбым қалай «курьер» бола жаздады Қоғам

Құрбым қалай «курьер» бола жаздады

Бірнеше аптадан бері пайдаланушылардың қызықты ұсыныстарына шолу жасау үшін OLX хабарландырулар сайтын бақылап жүрмін.  Кез-келген материалмен жұмыс жасағанда оны достарыммен жиі талқылаймын. Кейде олар қызықты қылатын қосымша бағыт беріп жатады. Бұл жолы да солай болды. 24 қыркүйек 2019, 14:55 5 667 просмотра
Шығармашылықтың ғажабы мен азабы Қоғам

Шығармашылықтың ғажабы мен азабы

11 қыркүйекте Құрманғазы мәдениет үйінде  Фариза ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ 80 жылдығына арналған «Патша сөздің Фаризасы» апталығы аясында  «Ар мен Ақын» мелодрамалық қойылымының премьерасы  өтті.  Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері қойған пьесада әдебиетке жаңа келген жас ақынның өзін-өзі іздеуі, шығармашылық талпыныстары суреттелген. 13 қыркүйек 2019, 15:03 3 997 просмотра
Бостандық, өлім немесе ұрықсыздандыру? Қоғам

Бостандық, өлім немесе ұрықсыздандыру?

Атырау қалалық ветеринарлық станцияның мәліметтері бойынша, осы жылдың қаңтар-шілде айларында облыс орталығының аумағында 9 800 қаңғыбас иттер мен мысықтар атылған. Өткен жылы бар-жоғы 12 мыңы атылды. 9 тамыз 2019, 09:36 4 833 просмотра
Ұрып-соқса, демек сүйеді. Мұны ойлап тапқан кім? Қоғам

Ұрып-соқса, демек сүйеді. Мұны ойлап тапқан кім?

Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баптарды қылмыс деп танымау Ресей заңнамасындағы осыған сәйкес өзгерістерден кейін орын алды. Енді ол үшін қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартады. Заңға жүгіне отырып, осындан кейін кодекстерде қандай өзгерістер болғанын салыстырайық. 8 тамыз 2019, 15:55 4 741 просмотра
​Қайсар Қуат Қоғам

​Қайсар Қуат

Жол көлік апатынан кейін мүгедек арбасына танылса да, тағдырдың ауыр соққысына мойымай, өзінің жеке кәсібін ашпаққа ниеттенген Индер ауданы Елтай ауылының тұрғыны, бірінші топ мүгедегі Қуат ЖАНЕСЕЕВ туралы жеті жыл бұрын «АЖ» мақала жарияланған болатын. Қазір кәсібін дөңгелетіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген, жүзінен өмірге деген асқан құлшынысты көруге болатын жас жігітке еріксіз риза боласың. Сурет Бейнежазба 2 тамыз 2019, 14:20 6 438 просмотра
Супермаркеттегі «Каминг аут» және табиғатқа жаны ашыған қалалықтың бастан кешкендері Қоғам

Супермаркеттегі «Каминг аут» және табиғатқа жаны ашыған қалалықтың бастан кешкендері

Сәнді трендте қалай болу керек? Оп-оңай! Қоқыстарды сұрыптап, тор сөмкемен сауда жасаңыз. Іс жүзінде бұл оңай шаруа емес екен. Бірақ «АЖ» тілшісі тырысып көрген еді, бұл тәжірибені сәтті шықты деуге болады. Сурет 27 шілде 2019, 13:53 5 455 просмотра
Періште де сыйлықсыз қалмады Қоғам

Періште де сыйлықсыз қалмады

Атырауда «NIGHT RACE 2019» түнгі жүгіру шарасы өтті. Түнгі марафонның жалпы қашықтығы 4,5 шақырым болды. Мұз сарайы ғимаратынан бастаған желаяқтар Лесная көшесінен айналып, кері қайтты. Ұйымдастырушылар қатысушыларды бейнебақылау камералары арқылы қадағалады. Сурет 1 шілде 2019, 16:36 3 034 просмотра