Атырау, 17 мамыр 10:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Сұрақ-жауап

Балаңызбен бірге демалуға сенімхаттың қажеті жоқ Сұрақ-жауап

Балаңызбен бірге демалуға сенімхаттың қажеті жоқ

– Жасы кәмелетке жетпеген баланы әжесімен бірге Ресейге  анасының сенімхатымен, бірақ, әкесінің сенімхатынсыз қалай жіберуге болады? Өйткені, баламның әкесімен біз баяғыда ажырасып кеткенбіз. Оның қайда жүргені туралы мен ештеңе білмеймін. 30 маусым 2011, 18:53 2 529 просмотра
Сағындырған салқын су Сұрақ-жауап

Сағындырған салқын су

– Біз Сәтбаев даңғылы бойындағы №32, 32-а үйлердің тұрғындары атынан шағымданып отырмыз. Суару маусымы басталғаннан бастап, біздің үйлеріміздегі салқын судың қысымы күрт төмендеп кетті. Салқын су түнде ғана жүреді, оның өзінде сыздықтап  қана ағады. Өткен жылы біздің ауданымызда жаңа насос орнатылды. Оған Сәтбаев бойындағы №8, 10, 12 үйлерді қосты. Оларда су тіпті, 5-ші қабатта да жақсы жүруде. Біздің ПИК-тің жіберген хатына қалалық әкімдіктен жауап келді. Онда өткен  көктемде барлығы дұрысталады делінгенімен, әзірге ештеңе істелінген жоқ... 30 маусым 2011, 19:05 2 603 просмотра
Сұрақ-жауап

Құрылысқа салған қаржым құнсызданып қалды...

- 2007 жылы мен құрылыс компаниясының бірімен көп қабатты тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан болатынмын. Алайда компания өз міндетін орындаған жоқ, яғни, құрылысы 2008 жылы бітуге тиісті болған үй әлі күнге тапсырылмай отыр.  Ал, құрылысты салушы компания ақшаны қайтаруды тіпті, қаламайды да. Өз ақшамды қайтаруға тырысқан нәтижесіз әрекетімнен кейін  мен 2009 жылы сотқа шағымдандым. Сот бұл істі менің пайдама шешіп берді және құрылыс компаниясына пәтер үшін төленген ақшамды қайтарып беруді міндеттеді. Бірақ... 30 маусым 2011, 18:58 2 127 просмотра
Сұрақ-жауап

Шаштараз жөнінде кімге шағымданбақпын?

– Көршім 1-ші қабаттан шаштараз ашты. Және оның жалғап салған құрылысы тура менің үйімнің терезесінің алдына келді. Алайда, мен жанама құрылыс үшін ешқандай келісімімді бергенім жоқ. Тікелей шаштаразға жақын орналасқан көрші пәтер иелерінің келісімі хаттамада жоқ деген күдігім бар. Жанама салынған құрылыстың күнқағарында үнемі күл-қоқыс жиналады да қалады: құрғақ бұтақтар, шаң-тозаң және басқалар. Көршімнің әрекетіне орай мен қайда шағымдана аламын? 30 маусым 2011, 19:02 2 342 просмотра
Сұрақ-жауап

Cауықтыру төлемақысы жалақы көлемінде төленеді

- Биыл қала мектептеріндегі мұғалімдерге еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуына байланысты 35 мың теңге көлемінде тоқсандық сыйақы берілгенін естіп едім. Өзім аудандық мектепте мұғаліммін. Бұл сыйақы аудандардағы мектептер мұғалімдеріне беріле ме? Сондай-ақ, жылына бір рет төленетін сауықтыру төлемақысы қалай есептелетінін білгім келеді. 23 маусым 2011, 17:18 4 223 просмотра
Балабақшаға қабылдаудың машақаты Сұрақ-жауап

Балабақшаға қабылдаудың машақаты

- Біз №6 балабақшаға (Авангард) жолдама алдық.  Алайда, меңгеруші балаларды 27-ші маусымға дейін қабылдамайтындықтарын мәлімдеді, ал, кіші топ балаларына тіпті, тамыздың 10-на дейін күтуге тура келеді. Балабақшаның осылайша балаларды қабылдау мерзімдерін белгілеуі дұрыс па? Және бізді тағы бір толғандыратын мәселе - әрлеу жұмыстары үшін әрқайсымызға үш банкі түрлі бояу әкелу жөнідегі меңгеруші талабының   қаншалықты заңды екендігін білсек дейміз? 23 маусым 2011, 00:15 10 656 просмотра
Сұрақ-жауап

Сыйға тартылған пәтерден үміттенбей-ақ қойыңыз

- Осыдан үш жыл бұрын күйеуім 10 жастағы қызына пәтерді сыйға тартты. Ол пәтерді біз некелескен кезде сатып  алған едік, пәтерді қызмыздың атына рәсімдегеніне мен қарсы болған жоқпын. Енді біз ажырасып жатырмыз, күйеуім болса, мүліктің бәрін соның ішінде қызына сыйға тартқан пәтерді де бөліске салғысы келеді. Ол  мүліктің барлығы ортақ деп есептейді. Қызымның жасы әлі кәмелетке жете қойған жоқ және біз сол пәтерде тұрып жатырмыз. Сыйға берілген пәтерді бөлуге бола ма? 23 маусым 2011, 20:01 3 771 просмотра
Сұрақ-жауап

Сарышаян сарыуайымға салды

- Біз Жерұйық мөлтек  ауданында жеке үйде тұрамыз. Жақында мен үйдің ішінен сарышаянды тауып алдым, енді соған қатты алаңдаулымын. Адамдар үшін сарышаяндар қаншалықты қауіпті, егер ол шағып алған жағдайда қандай ма бір қызмет мекемелерін шақыруға бола ма? 23 маусым 2011, 19:56 4 805 просмотра
Сұрақ-жауап

Қорғастағы жайсыздық

- Мен үй салып жатқандықтан Қытайға тауар үшін бара жатқан таныстарымнан ламинат, есік секілді басқа да материалдарға тапсырыс берген едім. Міне, содан бері екі ай өтті, менің таныстарымның тауарлары, оның ішінде менің де тауарларым Қорғаста тұр. Дұрыс рәсімдеу жүргізімегендігінен тауарларды контрабанда есебінде тәркілеу мүмкін деген әңгімелер де айтылып жатыр. Тауар шекарада енді қанша уақытқа дейін тұрады? 23 маусым 2011, 20:02 2 086 просмотра
Сұрақ-жауап

Жәрдемақыны бала саны шешпейді

- Наурыз айында менің апайым көп балалы ана ретінде «Алтын алқа» белгісіне ие болды. Осыдан кейін ол  алқаға байланысты қандай ма бір материалдық сыйақылар беріле ме, жоқ па соны білгісі келген болатын. Алайда, оған зейнетақы төлеу орталығы, әлеуметтік қамсыздандыру, одан қалды әкімдік секілді органдардың табалдырығын тоздыруға тура келді. Бұл сауалға кім жауап бере алады? 23 маусым 2011, 19:59 2 133 просмотра
Масалармен күрес тәуліктік режимге көшті Сұрақ-жауап

Масалармен күрес тәуліктік режимге көшті

- Жаз айларының басталғаны сол, біздің  ескі әуежай ауданында масадан қорғану қиын болып барады.  Балалардың  үстінің сау-тымтығы қалған жоқ. Масаларды өлтіру бойынша шаралар неге алынбай жатыр? 23 маусым 2011, 20:06 3 070 просмотра
Сұрақ-жауап

Пәтеріңді кепілге салсаң – бәріне дайын бол

- Банк несие бойынша борышкер болғандарды кепілдікке салынған пәтерден соттан тыс тәртіп бойынша мәжбүрлеп шығаруға құқылы ма? Егер кепілдікке салынған пәтерде жастары кәмелетке толмаған балалар тіркеліп, тұрып жатса және ол пәтер отбасының жалғыз ғана жылжымайтын мүлігі болып табылса не істеуге болады?  23 маусым 2011, 00:20 2 459 просмотра
Сұрақ-жауап

Мерзімі өтпеген төлқұжаттар тегін ауыстырылады

- Жеке бас куәлігімді жоғалтып алуыма байланысты мен жаңасын алмақшы болдым және сонымен қоса 2000 жылы алған төлқұжатымды ауыстырып алғым келді. Өйткені, төлқұжатта ЖИН көрсетілмеген еді, бірақ оның мерзімі 2017  жылға дейін.  Алдымен Сәтбаев көшесінде орналасқан  халыққа қызмет көрсету орталығына бардым, ондағылар мені Баймұханов көшесіндегі әділет департаментінің 8-кабинетіне  жіберді. Ал, ондағылар неге екенін білмеймін маған төлқұжатты ақылы түрде ауыстыруға тура келетіндігін айтты. Осы дұрыс па? 23 маусым 2011, 01:09 2 346 просмотра
Сұрақ-жауап

Көршіңізден құқай көрсеңіз...

– Пәтерімді үнемі жоғарыдағы көршім суға кетіреді. Ал ПИК мұны еш елең қылмайды. Өздерің акт жасап, қалғандарын өздерің жасаңдар дейді... Менің білуімше, олардың қатысуынсыз мұндай актіні заңды тұрғыда дұрыс деп есептеуге болмайды. Менің және жұбайымның жасы 80-нен асып кеткен. Ненің қалай екенін анықтап жүрудің өзі қиын. Көмектессеңіздер. 16 маусым 2011, 00:51 2 564 просмотра
Сұрақ-жауап

Миллион кімге бұйырады?

– 2011 жылдың 16 желтоқсанында дүниеге келетін балаларға 1 млн. теңге мөлшерінде бір мәрте берілетін жәрдемақы төленеді деп естідім. Өйткені тәуелсіздіктің 10 жылдығы қарсаңында дүниеге келген балалар кезінде 100 мың теңгеден алды ғой.  Осы рас па? 16 маусым 2011, 00:58 2 528 просмотра
Сұрақ-жауап

Балалар алаңын қалай сақтап қалуға болады?

– Халық арасында медиктер үйі деп аталатын үйіміз 1993 жылы пайдалануға берілген болатын. Содан бері ауламызда абаттандыру тұрғысында ешқандай жұмыстар жасалмаған. Балалар кез-келген жерде ойнай береді. Наурыз айында ауламызда 7 жасар баланы машина қағып кетті. Біз «Рахман» ПИК-іне әлденеше рет балалардың ойын алаңдарын жасақтап, жалпы ауланы абаттандыру шараларын алу жөніндегі талабымызбен шыққан болатынбыз. 16 маусым 2011, 01:11 2 511 просмотра
Сұрақ-жауап

Атырауда аллергологтар тапшы

– Балықшыдағы офтальмологиялық емханада 2 жасар ұлымды конъюнктивит деген күдікпен Алмагүл ықшам ауданындағы қалалық балалар емханасындағы аллергологқа және жұқпалы аурулар ауруханасына анализ тапсыру үшін жолдама берген еді. Емханадағылар бүкіл облыс бойынша бір ғана аллерголог бар екенін, оның да қазір сырқаттанып қалғанын айтты. Жұқпалы аурулар ауруханасындағылар бізді «Рахат» маңындағы санэпидстансаға жіберді. Бірақ ондағылар балалардан анализ алмайтындықтарын айтты. Біз енді не істейміз? Аллерголог жұмысқа шыққанша ауыра берейік пе әлде диагнозы қойылмаса да емделе берейік пе? 16 маусым 2011, 01:04 1 971 просмотра
Күрелмейтін үйлер де бар Сұрақ-жауап

Күрелмейтін үйлер де бар

– Ата-анам Әуезов, 28 мекен-жайындағы ескі екі қабатты жиналмалы-қалқанды үйде тұрады. Олар бұл үй таяу уақытта күреле ме, соны білгілері келеді. Әуезов, 25 мекен-жайындағы осындай үй күрелген еді. Енді осы жерге жаңа тоғыз қабатты үй салынуда. Олар үйдің фотосуретін тіркеп әкімдікке бірнеше рет хат жазған, бірақ ақыры нақты жауап ала алмады.  Бұл үйді осыдан 20 жыл бұрын күрейміз деген еді. Үйдің сырты түгел сыдырылып түсіп қалған, жөндеу жүргізу мүмкін емес.  Ғимарат «отырып» бара жатқандықтан үйде салқын су жоқ, ол тіпті қала картасында белгіленбеген. 16 маусым 2011, 01:16 2 357 просмотра