Атырау, 17 мамыр 14:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Кафе салуға кім рұқсат берген?

– Өткен жылы Авангард ықшам ауданындағы №24 үйдің жанындағы балалар алаңының орнынан екі қабатты қоғамдық тамақтану ғимараты салына бастады. Қазір құрылыс тоқтап қалды. Үйіміздің негізгі коммуникациясының болашақ кафе іргетасының дәл астында орналасқаны бізді алаңдатады. Қалалық әкімдіктегілер құрылыстың сот ісіне байланысты уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Біз мынаны білгіміз келеді: балалар алаңын кері қайтара ма және жалпы сәулет басқармасындағылар көппәтерлі тұрғын үй коммуникациясы өтетін жерге кафе салуға қалай рұқсат берген? 16 маусым 2011, 01:14 2 074 просмотра
Сұрақ-жауап

Қателік болмас үшін құжат керек

– Маған пәтерімнің банкте кепілдікте тұрмағандығы туралы анықтама қажет болған еді. Жалпы мұндай анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталығы тек жеке бас куәлігімді көрсеткен жағдайда бере алады. Ал іс жүзінде олар мүлікке құқығымды растайтын құжаттар әкелуімді өтінеді? Не үшін? 16 маусым 2011, 01:07 1 907 просмотра
Сұрақ-жауап

Кезегіңіз жойылмайды

– 2004 жылы жер учаскесіне кезекке тұрып, 2006 жылы анамнан мұраға учаске алдым. Жерге құқығым және кезектегі орным сақтала ма? – Жер учаскесін берер алдында жер учаскесінің болу фактісін тексере ме әлде мен кезегім бойынша жер алар кезде өзім жер сатып алғанымды хабарлауға тиіспін бе? 16 маусым 2011, 00:00 2 472 просмотра
Сұрақ-жауап

Кедергі емес, жолақ салынады

– СМП-136-дағы С.Датов көшесінің бойындағы «Залина» дүкенінің алдында «Жаяу жүргіншілер өткелі» деген белгінің тұрғанына қарамастан көліктер тоқтамайды және жаяу жүргіншілерді өткізбейді. Осы учаскеге жол кедергісін орнатуға бола ма немесе белгілер салу мүмкін бе? 16 маусым 2011, 01:05 2 152 просмотра
Сұрақ-жауап

Мүгедектік алу тәртібі

– 6 жасар кезінде сәбиіме меңдеп бара жатқан алыстан көрмеушілік сырқаты бойынша операция жасалған еді. Ол үнемі учаскелік окулистің бақылауында болады және үнемі ауруханада емін алып жүреді. Жақында палаталас көршім өз қызына мүгедектік тағайындағанын айтты. Оның сәбиінде де осындай проблема екен. Бәлкім ұлым мүгедектік тобын алатын шығар. Оны рәсімдеуді неден бастау керек? 16 маусым 2011, 01:03 3 655 просмотра
Сұрақ-жауап

Запорожскийге жаңа құбыр төселеді

– Екінші аптадан бері сусыз отырмыз. «Атырау су арнасына» қоңырау шалған едік, бірақ ондағылар ештеңе түсіндірмеді. Көршілердің бірі су арнасындағылар суды апаттың салдарынан жауып тастағанын, бірақ ақауды жою үшін еш жұмыс жүргізілмей жатқандығын айтады. Көшемізде 30 шақты үй болса, көбінің үйінде бала бар. Сусыз қиын боп тұр. 16 маусым 2011, 00:59 1 930 просмотра
Сұрақ-жауап

Ауламыз үшін алаңдаулымыз

– Біз облыстық мемлекеттік автоинспекциясы жанында орналасқан СМП-136-ғы №1, 2 және 7-ші үйлерде тұрамыз. Жол полициясымен көрші тұру біздер үшін қиындықтар тудыруда, ауламызға кіру мүмкін емес. ЖПБ-на келушілер және МАИ қызметкерлерінің өздері де көліктерін біздің үйлеріміздің ауларына қалай болса солай қойып кетіп жатады. ПИК арқылы ЖПБ-на шағымдандық. Бір күн ғана реттеуші адамды қойып қояды, келесі күні-ақ, бәрі де бұрынғы қалпына түседі...    9 маусым 2011, 17:17 2 136 просмотра
Сұрақ-жауап

Жаңа куәлік үшін тест тапсыру керек

– Әкемнің жүргізушілік куәлігінің мерзімі 2009 жылы бітті. Сол уақыттардың ішінде машинаның болмауына байланысты әкем оны қолдана да қойған жоқ. Міне, енді машина алған соң, қайтадан рөлге отырғысы келеді. Ескі жүргізушілік куәлігін жаңасына ауыстыру үшін не істеу керек? 9 маусым 2011, 17:31 2 508 просмотра
Сұрақ-жауап

Тыл еңбеккерлеріне жеңілдіктер жоқ

– Менің жасым қазір 82-де.  Мен соғыс жылдары жасөспірім жаста болғаныма қарамастан тылда еңбек еттім. Сондай-ақ, менің ағам және оның достары секілді жастардың алдына сол кезде билік не майданға немесе қолөнер училищесіне оқуға баруға ультиматум қойған еді. Мен отандық мұнай өндіруде геолог болып 40 жыл еңбек еттім. Еңбек арадагері болып саналамын. Өткен жылғы мерейтойда тыл еңбеккері ретінде 20 мың теңге алған болатынмын. Биылғы жылы да бізді ұмыт қалдырмайтын болар, аз болса да дәрі-дәрме-гімізге қосымша болатын бір-екі мыңдай үстеме ақы тағайындар деп үміттенген едім. Алайда, олай болмады. Тыл еңбеккерлері үшін қандай да бір жеңілдіктер бар ма? 9 маусым 2011, 17:24 2 642 просмотра
Сұрақ-жауап

Тұрғындар несиемен жөндеуге қарсы

– Біздің Орталық ықшамаудандағы №3 үй көп уақыттан бері апатты деп танылған болатын. Соңғы рет нөсер жауған кезде көше жақ беттегі бөлмелерден су кеткен еді. Біздің үйіміз күрделі жөндеу және термомодернизациялау бағдарламасына енгізілді ме? 2 маусым 2011, 15:49 1 875 просмотра
Сұрақ-жауап

Оқу ешқашан кеш емес

– Жасым 55-те. Үш ай бұрын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз ретінде есепке тұрдым. Бөлім мамандары және өзім түйіндемемді біршама жерлерге жібердік. Бірақ жасым кеп қалғандықтан жұмыс табу мүмкін болмай отыр. Мына күйіммен күнелтетін ақшасыз қалатын түрім бар. Жұмыссыздарға қандай да болмасын жәрдемақы төлене ме? – Жұмыссыздарды Жұмыспен қамту орталығы арқылы қандай мамандықтар бойынша оқытады? Оқу кезінде шәкіртақы төлене ме және мұндай курстар қанша уақытқа созылады? 2 маусым 2011, 15:51 10 730 просмотра
Сұрақ-жауап

Патрульдер бәріне әзір!

– Таяуда Ақтөбе және Астана қалаларында нәтижесінде адамдар өліп, бірнеше адамдар жараланған жарылыстар орын алды. Енді елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылық туралы алаңдауға болады деп есептеймін. Соңғы орын алған қайғылы оқиғаларға орай қосымша қауіпсіздік шаралары, әсіресе, мереке күндері адамдардың көп шоғырланған жерлерінде жүзеге асырыла ма? Патрульдік  жасақтар металл және басқа да террористік құрал-жабдықтарды іздестіруші құралдармен жарақтанатын бола ма? 2 маусым 2011, 15:57 2 026 просмотра
Сұрақ-жауап

Арнадағы ақаулар алаңдатады

– Біз ТБС кабельдік телеарнасының абоненттеріміз. Міне, бір ай, бір жарым ай болды арнаны, әсіресе, ресейлік арнаны үзіп тастай береді. Одан басқа көретіндей ештеңе жоқ. Компанияға қоңырау шаламыз, ондағылар жауап бермейді, басшылықпен сөйлесіңдер дейді, ал оларды ұстау мүмкін емес. Бізге осы жайттың мән-жайын анықтауға көмектесіңіздерші. Біз ақысын уақытылы төлейміз, кейде тіпті, бір ай бұрын төлеп отырамыз.  2 маусым 2011, 15:59 2 065 просмотра
Сұрақ-жауап

Сұлулық құрбандықсыз болуы тиіс

– Салондардың біріне педикюр жасағаннан кейін табанымның құрғап, нығыздалған қабыршақты дақтар пайда болғанын байқадым. Аяғымды басқан кезде орны ауырады. Жеке емхананың дерматологы педикюр кезінде зарарсыздандырылмаған аспаптар арқылы сүйел вирусы жұқтырылғанын растап отыр. Ештеңе жасау қажет емес екенін айтты. Осы дұрыс па? 26 мамыр 2011, 15:56 2 425 просмотра
Сұрақ-жауап

Сыйақы мұғалімдердің барлығына бірдей берілмейді

– Қазір қала мектептерінің мұғалімдері І-тоқсанның қорытындысы бойынша сыйақы алуда. Сөйтсек, оны аудандардағы мектеп қызметкерлері де алып жатыр екен. Облыстағы оқу орындарының оқытушыларына сыйақы тиесілі ме? 26 мамыр 2011, 15:59 2 093 просмотра
Сұрақ-жауап

Екпелерді салдыртқан жөн

– Профилактикалық екпелер балалар денсаулығына теріс әсер етеді деп жиі естимін. Балама екпе салдыртқым келмейді. Бірақ болашақта балабақшаға, мектепке барғанда және басқа да жағдайларда проблема туындай ма деп алаңдаймын. Жоспарлы екпе міндетті түрде салынуы керек және одан бас тартқаны үшін нотариалды расталған қағазы болуы керек деген талап қаншалықты заңды? 26 мамыр 2011, 15:54 3 741 просмотра
Сұрақ-жауап

Шетелге шығатын сәбиге арналған құжат

– Шекараға әуе билетін сатып аларда бізге әуелі ата-анасының бірінің төлқұжатына сәбидің фотосуретін жапсыруды сұрады. Оны қайда жасайды, қандай құжаттар қажет және бұл процедура қанша уақыт алады? 26 мамыр 2011, 16:11 2 067 просмотра
Сұрақ-жауап

Мектепке бару және қайту жолы тегін

– Мен бірнеше маршруттағы автобустармен жүремін. Соған байланысты бірнеше сұрақтар қойғым келген еді. Сабақ кезінде мектеп жасындағы балалар маршруттарда тегін жүреді. Бірақ бала мектепке және кері үйге бару жолына ғана тегін жүруі тиіс, ал спорттық секцияны немесе үйірмені оның ата-анасы төлеуі тиіс деп түсінемін. Тендер шарты қалай жасалған? Оқушылар сабақ кезінде кез-келген бағытта тегін жүре ала ма, әлде мектепке және кері қайтар жолына ғана тегін жүре ме?  26 мамыр 2011, 16:03 3 008 просмотра