Атырау, 17 мамыр 09:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Емделу жәрдемақысы демалыс алғандарға беріледі

– 2009 жылдың наурызында мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналастым. Жарты жыл өткеннен кейін емделу жәрдемақысы (шипажайлық-курорттық емделу) деп аталатын кезекті еңбек демалысын алған едім. 2010 жылдың шілдесінде емделу жәрдемақысын алу үшін тағы да еңбек демалысына кеттім. Енді есеп бөлімі емделу жәрдемақысын төлеуден бас тартып отыр. Не істесем екен? 28 шілде 2011, 22:22 3 088 просмотра
Сұрақ-жауап

Апаттан өз күштерімен құтылуға тиіс

– Жеке бес тұрғын үйді сумен қамтитын  Жарбосынов және Связная көшелерінің қиылысында орналасқан орталық су тартқыш құбырының жарылып, судың сыздықтап кетіп жатқанына үшінші аптаға аяқ басты.  Әзірге тиекті шұраның  жұмыс істеп тұрғандығының арқасында судың басып кетуінен аман. Егер ол бұзылған жағдайда не болмақ?... 28 шілде 2011, 22:20 2 157 просмотра
Сұрақ-жауап

Адвокатпен де келісім-шарт жасасу керек

– Сәтбаев даңғылы бойындағы қалалық сотта кезекші адвокат ақылы кеңестер жүргізіледі. Бірақ, келушілерге не түбіртек, не чек берілмейді. Адвокат неліктен өз қызметін еш  рәсімдеусіз жүргізіп отыр? Және екінші сауал: мен осы адвокатқа  қызымның бұрынғы күйеуінен жастары кәмелетке жетпеген балаларына  алиментті төлеттіру үшін  2 мың теңгені төлегенде сақтық шараларын ойластырмай қалған сияқтымын. Адвокат болса, өз міндетін орындамады, ол аз дегендей, бұрынғы күйеу баламның жұмыс істейтін кәсіпорынына оның қашан баратындығын сұрағанымда, ол маған баруға кеңес берді. Әдетте, бұл адвокаттың өз міндеті  болып есептелмей  ме? 28 шілде 2011, 22:17 3 993 просмотра
Сұрақ-жауап

Ақша жинауға тыйым салынған

-  Қаладағы балабақшалардың бірінде тәрбиешілер жағдайы бар 8 ата-анаға балалар ойнайтын залды жөндеуге қосымша ақша жинаңдар деп отыр. Балабақшаға төленетін төлемақыдан бөлек, балабақшаның ішін жөндеу жұмысына ата-аналардың қалтасынан қосымша ақша жинау заңды ма? 28 шілде 2011, 22:25 2 897 просмотра
Құбырларды тазалауға қаражат қажет емес Сұрақ-жауап

Құбырларды тазалауға қаражат қажет емес

– Біз Тұрғын үй қалашығында Волгоградской көшесі, 10-шы үйде тұрамыз. Бұл ескі, екі қабатты үйлер. Қазір  біздердің өз ПИК-міз жоқ. 3-ші шілде күні тұрғындардың жалпы жиналысында ПИК төрағасының жаңа кандидатурасы ұсынылғанымен оған дауыс көп берілген жоқ. Өйткені ол әйел адам бұрын 2010 жылғы банкротқа ұшыраған ПИК-мізде кассир болып жұмыс істеген азаматша-тұғын. Бұл кісі енді құбырларды шаю үшін 500 теңгеден ақша жинауды талап ете бастады.  28 шілде 2011, 22:33 2 253 просмотра
Сұрақ-жауап

Еңбек дауы сотпен шешіледі

– Мен ұзақ уақыт бойына Алматы қаласында тіркелген ірі АҚ-лардың бірінің атыраулық филиалында жұмыс істедім. Еңбек келісім-шарты жергілікті филиалмен жасалды. Филиал толыққанды жұмыс жүргізетін және оның өзінің мүлкі (көлігі, жылжымайтын мүлігі) бар болатын. Мен жұмыстан кеткеннен кейін ақырғы есеп-айырысуға қатысты дау туындады. Сотқа бермекші едім, бірақ маған ол үшін Алматы қаласына барып, талап арызды сол жерге беруге тура келетінімді, өйткені АҚ-ның бас кеңсесі Алматыда екендігін айтты. Айтыңызшы, менің еңбек дауымды Алматы қаласында қарау міндетті ме, әлде осы жерден, Атыраудан талап-арыз беруіме бола ма? 21 шілде 2011, 01:58 2 234 просмотра
Сұрақ-жауап

Әуелі әкеңізге, сосын өзіңізге

– Жыл басында әкем қайтыс болған еді. Енді мұралық істі рәсімдейтін кез келген кезде, оның 2009 жылы анасы тарту еткен пәтерді өзіне рәсімдемегені анық болды. Енді не істей аламын? Пәтерді өз атыма рәсімдеу үшін қандай құжаттар керек? Әлде ол әлі әжемнің меншігінде ме? 21 шілде 2011, 01:54 2 521 просмотра
Кернеудің кесірі Сұрақ-жауап

Кернеудің кесірі

– Нәжімеденов көшесіндегі 13 шақты жеке үйлер жалғанған электр желісінің тозығы жеткен бөлігіне қатысты кімге шағымдануға болады? Кернеу үнемі құбылып тұратындықтан тұрмыстық техникалар жанып кетеді. Ал ақыр аяғында кінәлілерді таба алмайсың. «Атырау Жарықтың» бригадасын шақыртсақ, олар тек тиесілі шамадан екі есеге төмен кернеуді өлшейді де қояды. Бұл жағдай 2007 жылдан бері жалғасып келеді. Округтағы бүкіл үйді жаңа желіге ауыстырды. Ал біз бұрынғыша қалдық. Ильич шамы керосин шамынан да күңгірт тартып тұр. Егер мүмкін болса, «Атырау Жарық» басшылығына осы өтінішімізді жеткізсеңіздер екен, әйтпесе оларға жете алмай отырмыз. 21 шілде 2011, 01:56 2 850 просмотра
Уақытша қолайсыздық па? Сұрақ-жауап

Уақытша қолайсыздық па?

– Екі немерем бір уақытта балабақшаға барды. Бірақ балабақшалардың біріндегілер (№10, «Құ-лыншақ» балбақшасы) жиналмалы кереует, төсек жайма, ыдыс-аяқ, кір жуатын ұнтақ, ойыншықтар және т.б. әкелуді сұрады. «Өйткені сіз 51-шісіз, ал топ 50 балаға есептелген» дейді. Бірақ мен орынды тамыр-таныстықпен емес, ресми түрде алдым ғой. Егер балабақша балаларды қабылдауға дайын болмаса, онда не үшін қабылдайды? Мен де басқалар секілді 8000 теңгеден төлеп тұрамын ғой. Тағы бір сұрағым бар. Осы жалғама құрылыс қыста нұротандық қызметкерлер мен басқа да жоғары шенді меймандардың қатысуымен ашылған еді. Ал іс жүзінде балабақша әлі жұмыс жасамай тұр. 14 шілде 2011, 22:28 2 978 просмотра
Сұрақ-жауап

Келбетін көрсем деп едім…

– 1914 жылы туылған атам Мұхтар Баймағамбетов Ұлы Отан соғысы кезінде хабар-ошарсыз кеткен. Қолымызда оның бірде бір фотосуреті қалмапты. Әскери комиссариаттың мұрағатында атамның фотосуреті сақталуы мүмкін бе? 14 шілде 2011, 22:11 2 148 просмотра
Сұрақ-жауап

Жерге қатысты мәселе заңмен ғана шешіледі

– 2006 жылы жер алып, үй салдым. Оң жақтағы және сол жақтағы көршілерім де үй салды. Жақында әлдебір шаруашылық істерімен айналыспақ боп, өз учаскемді өлшеп қарағанмын. Ол жобадағыдан кішкентай боп шықты. Ал мен сәулет қызметкерлері қаққан қазық бойынша шарбағымды қоршаған едім. Мен енді сот тәртібімен өз учаскемді жобаға сәйкес өзгертуді талап ете аламын ба? Ал егер оң жақтағы көршім өз учаскесін ығыстырғысы келмесе немесе маған ақшалай өтемақы ұсынса, мен оны заң бойынша қабылдай аламын ба? 14 шілде 2011, 22:36 2 442 просмотра
Сұрақ-жауап

Ереже баршаға бірдей

– Жол қозғалысының ережесі жол-патрульдік қызмет қызметкерлеріне де қатысты ма, жоқ па, нақтылағым келген еді. Жол-патрульдік қызмет қызметкерлерінің рөлде отырып, ұялы телефонмен де сөйлесетіні, алдыңғы және артқы әйнектері күңгірттелген көліктерімен де жүретіні құпия емес. Менен дәлел талап етудің қажеті жоқ, оны қарапайым көзбен көруге болады. Жақында жол-патрульдік қызметінің қызметкері алдыңғы бүйір әйнегіндегі тор үшін айыппұл салды (олар әйнекке сорғыш арқылы бекітіледі). Ал өзі сол кезде күңгірттелген жеке көлікте отырды. Мұны қалай түсінуге болады? 14 шілде 2011, 22:52 2 367 просмотра
Сұрақ-жауап

Көлік оқиғасының бас кейіпкері

– Біреудің кінәсінен әлденеше рет жол-көлік оқиғасына қатысушы болдым. Кінәлілер көлігімнің бүлінген жерлерін жөндеп, боятып береді. Бірақ дәл өзінің түсін таба алмайды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі адамнан көлікті толықтай бояу ақысын талап ете аламын ба? 14 шілде 2011, 22:53 2 183 просмотра
Сұрақ-жауап

Сотқа жүгінгеніңіз жөн

– Жалға беретін пәтерімізде пәтершінің кінәсінен өрт оқиғасы орын алды. Әуелі бәрі бықси бастаған, ал өрт сөндірушілер келіп, есікті сындырған кезде, оттегі кіргендіктен өрт лап ете түсті. Өрт сөндірушілер пәтерге су құйып сөндіруге мәжбүр болды. Өкінішке орай, соның салдарынан... 14 шілде 2011, 02:34 2 143 просмотра
Сұрақ-жауап

Еңбек демалысы төлемақыдан басталады

– Шілде айының соңында еңбек демалысына кетемін. Мен ҚР-дан тысқары шықпақпын. Еңбек демалысын төлеудің заңды тәртібі қандай? Жұмыс берушім мен еңбек демалысының төлемақысын келесі еңбекақы төленетін күні, яғни, тамыз айының басында ала алатынымды айтқан еді. 7 шілде 2011, 19:19 2 639 просмотра
Сұрақ-жауап

Жұмыс ешқайда қашпайды

– Мен жұмыстан соң жиі қаламын. Бастығым шұғыл тапсырмалар береді де, оны жұмыс уақыт ішінде орындау мүмкін болмайды. Ал үстеме жұмыстар үшін ақы төленбейді. Бастығым жұмыстан соң уақытында жұмысын үлгеріп жасай алмаған адам ғана қалады дейді. Дегенмен де үстеме төлемақы алғым келеді. Бірақ алдымен үстеме жұмыстың қандай жағдайларда, қандай негізде және қандай мөлшерде төленетінін білгім келеді? 7 шілде 2011, 19:17 2 711 просмотра
Көлікті ретпен қою керек Сұрақ-жауап

Көлікті ретпен қою керек

– Мен Әуезов көшесіндегі 50-үйдің тұрғынымын. Жанымызда «Достармед» емханасы орналасқан. Оған келушілер көліктерін біздің аулаға қалай болса, солай қойып қояды. Балаларға ойнайтын жер жоқ, оларға ол жерде жүру де қауіпті. Қайда шағымдансақ екен? 7 шілде 2011, 19:06 2 281 просмотра
Сұрақ-жауап

Отанмен қоштасу оңай емес

– Мен Ресейге тұрақты түрде қоныс аудармақпын. Бірақ бір проблема болып тұр. Ешқайда тіркелмегендіктен, маған есептен шығудың да қажеті жоқ. Ресейге тіркелер кезде Атыраудан есептен шығу талонын талап етсе не істеймін? 7 шілде 2011, 19:09 2 397 просмотра
Сұрақ-жауап

Бағдарлама - президенттікі, ақша – сіздікі

– Біздің подъезіміздің есігінде президенттің «Ұлт  саулығы» бағдарламасы аясында ақылы компьютерлік диагностика жүргізіледі деген жарнамалық  хабарландыру ілініп тұр. Шындығында осындай бағдарлама бар ма? Және жеке кабинеттердің бұған қандай қатысы бар? 30 маусым 2011, 19:01 2 374 просмотра
Сұрақ-жауап

Алдап соққан акция

– Өткен жылдың қыркүйек айында мен «Хаггис» компаниясының «Получи большой домик» акциясына қатыстым.  Олар 8 штрих-кодқа балалар үйшігін беруге тиісті болды. Компания өкілдері «Атаба» дүкендер желісінде тұрды.  8 қорап «Хаггис» өнімін сатып алу керек болатын. Бірақ, сол кезде маған және басқа да қатысушыларға үйлердің қолда жоқ екендігін айтты. Біздің телефондарымызды жазып алып, Алматыдан келген бойда байланысуға уәде етті. Алайда, күні бүгінге дейін ешкім де хабарласқан жоқ және көрсетілген телефондары жауап бермейді. Мен өз акцияларының талаптарын орындамаған «Хаггис» компаниясына шағымдана алам ба? 30 маусым 2011, 18:50 2 725 просмотра
Сұрақ-жауап

Құпия анализдің анық-қанығы

– Биылғы жылы біз балабақшаға жолдама алдық, қазір №2 қалалық емхананың Тұрғын үй  қалашығындағы филиалынан  дәрігерлік тексеруден өтудеміз. Әдеттегі тапсырылатын анализдерден басқа бізге «Сұңқар» зертханасына көк тамырдан әлдебір анализ үшін қан тапсыруды  сұрады. Ол қандай анализ, оны не үшін тапсырамыз деген біздің сауалдарымызға емханада түсінік бермеді. Бұған қатысты балалардың тамырынан сырқат балалар үшін керекті қанды алады екен деген алып-қашпа әңгіме бар. Оның қандай анализ екендігін білсек деп едік? 30 маусым 2011, 19:11 2 408 просмотра