Атырау, 13 маусым 22:22
 бұлттыВ Атырау +25
$ 451.77
€ 485.97
₽ 5.07

Балалар алаңын қалай сақтап қалуға болады?

2 522 просмотра

– Халық арасында медиктер үйі деп аталатын үйіміз 1993 жылы пайдалануға берілген болатын. Содан бері ауламызда абаттандыру тұрғысында ешқандай жұмыстар жасалмаған. Балалар кез-келген жерде ойнай береді. Наурыз айында ауламызда 7 жасар баланы машина қағып кетті. Біз «Рахман» ПИК-іне әлденеше рет балалардың ойын алаңдарын жасақтап, жалпы ауланы абаттандыру шараларын алу жөніндегі талабымызбен шыққан болатынбыз.

Владимирский, 120 үйінің тұрғындары

Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА:«30-дан аса балалардың ойын және спорт алаңдары салына бастаған тізімде сіздің аулаңыз енгізілмеген».

Өткен жылы  бюджет қаржысының есебінен  балалардың 50 ойын және спорт алаңдары салынған еді. Алайда кейбір аулаларда оларды қиратып та үлгерген. Биылғы жылы алаңдарды салуды жоспарлаған кезде белгілі бір ПИК-терге бекітілген үйлерге алаңдар салуға шешім қабылданған. Яғни, кооперативтер олардың сақталуын бақылауға алатын болады. Алаңдарды сатып алып, орнатуға әжептәуір бюджет ақшасы бөлінеді. «Қалалық билік қымбат тұратын жобалармен – ПИК-тердің өздері сатып алып, қондыруға жағдайлары келмейтін спорттық және балалар алаңын орнатумен айналысады. Ал орындықтарды орнату, көгалдандыру және басқа да жұмыстарды жасауға ПИК-тің әлі келеді», - деп атап өтті Н.Қайсағалиева.

16 маусым 2011, 01:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.