Атырау, 2 мамыр 17:17
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Маскүнемдікке дауа бар

- Мұны мойындау оңай емес, бірақ мен маскүнеммін. Соңғы кездері жағдайым нашарлап бара жатыр: әбден жүдеп кеттім, ағзам тамақты қабылдамайды. Арақ ішкен кезде аздап жеңілдеп қаламын. Бірақ наркологиялық диспансерге барып, емделуге ұятым жібермейді. Мамандарды үйге шақыра аламын ба? 29 ақпан 2012, 20:06 2 059 просмотра
Сұрақ-жауап

Көлікті келісім-шартпен сатыңыз

–2004 жылы алушыға бас сенімхатты рәсімдеп, көлігімді сатқан едім. Машинам басқа қалада, қазіргі қожайынмен еш байланысым жоқ. Сенімхат мерзімі баяғыда өтіп кетті, бірақ көлік әлі менің атымда болғандықтан, көлік салығын төлеп келемін. Бұл көлікті есептен қалай шығаруға болады? 15 ақпан 2012, 20:13 2 429 просмотра
Сұрақ-жауап

Жайықтың екi атауы бар ма?

- Жайық өзенінің атауын 1775 жылы ІІ Екатерина патшайымының  Урал деп атауға жарлық шығарғаны белгілі. Алайда, әлі күнге дейін кейбір құжаттарда  өзен Урал деп аталады. Жалпы біздің өз заңымызда жер-су атаулары өз қазақ тілінде аталу керек деген заң талаптары бар ма? 9 ақпан 2012, 18:45 9 509 просмотра
Сұрақ-жауап

Тасымалдаушы тарифтi кoтермек

Қаладағы автобус маршруттары қозғалысының үлкен үлесін алып отырған «Батыс-Транспорт СИМ» ЖШС өткен жылдың аяғында қоғамдық көліктегі жолақы тарифін көтеруді жоспарлаған болатын. Жолақы енді қашан қымбаттайды? 9 ақпан 2012, 18:42 1 743 просмотра
Сұрақ-жауап

Аналар үшін жәрдемақы

Менің апам үш баланы тәрбиелеп отыр, оның біреуі бала кезінен мүгедек. Баласы мектепке бармайды,  баланы  күту үшін апама жұмысынан шығуға тура келді. Біз аурулы баласын күтетін жұмыссыз аналарға да жәрдемақы тиесілі дегенді естідік. Оны қайдан рәсімдеуге болады? Оған қандай құжаттар керек? 9 ақпан 2012, 18:39 1 912 просмотра
Сұрақ-жауап

Қам көңілді қуантатын кештер аз

Мен мүгедек баламды бір өзім тәрбиелеп отырмын. Біздер мүгедектік және мүгедек балаға күтім жасаушы аналары үшін берілетін жәрдемақыны алып отырмыз. Жақында мен заңдардың бірінен бұл жәрдемақылардан басқа ай сайын  коммуналдық қызмет шығындарының төлемін, отын, тұрғын үйді ұстау үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны және 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқылы екендігімізді білдім. Сондай-ақ, тағы да мен мүгедектердің мемлекеттік жәрдемақылардан басқа оған қосымша жергілікті бюджеттен: тұтыну бағасы индексінің өсуіне сәйкес мемлекеттік арнаулы жәрдемақыға үстеме; өзгенің көмегіне мұқтаж жалғызбасты мүгедектерді күту үшін берілетін мемлекеттік жәрдемақыға қосымша үстемелер; шипажай-курорттық емдеу жеңілдіктері берілетіндігін білдім. Осы аталған жәрдемақылардың қайсысы төленеді, соны білгім келеді? 9 ақпан 2012, 18:35 1 958 просмотра
Сұрақ-жауап

Шетелде қалған қаражат

- Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне өзгерістер енгізілгендігі белгілі болды. Жекелеп алғанда, мен шетелден қаржының қайтарылмауы және репатриация талаптарын бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершілік туралы білгім келген еді. Жауапкершілікке тартылғанда салынатын айыппұл мөлшері қандай  және ақша қандай мерзім ішінде аударылуы тиіс? 1 ақпан 2012, 21:12 1 685 просмотра
Сұрақ-жауап

Тізілімге қалай енуге болады?

- Кедендік өкілдер тізіліміне енгізілу үшін негізінен қандай талаптар қойылады? Сыртқы-экономикалық қызметке қатысушы кедендік транзит рәсімі барысында  жету орнын өзгерте ала ма? Кедендік транзит рәсімі аяқталғаннан кейін тасымалдаушы  немесе басқа бір мүдделі тұлға тауарды уақытша сақтауға немесе кедендік рәсім бойынша орналастыруға қай уақыттан бастап міндетті?  1 ақпан 2012, 21:10 1 770 просмотра
Сұрақ-жауап

Қағаз жүзіндегі құқық

- Жақында мен салық комитетіне жеке кәсіпкер ретінде  тіркелген болатынмын. Қызметкерлерді жалдамақ болып жоспарлап отырмын. Заң бойынша мен олар үшін зейнетақы және әлеуметтік жарналар төлеуге тиіспін, алайда, бұл менің шығындарымды айтарлықтай  арттыратын болады. Мен барлық қызметкерлермен  оларды штатқа енгізбей-ақ, қызмет көрсету үшін келісім-шарт жасай аламын ба? 1 ақпан 2012, 21:09 1 961 просмотра
Сұрақ-жауап

Ананың қалауы біледі

- Менің бірінші балама аяғым ауыр, сондықтан да қалай босанатындығыма алаңдаулымын. Мен облыстық перзентхананың ақылы бөлімінде босанғым келеді. Егер мен толғақ қысып, «жедел жәрдем» шақыртып барған кезде  перзентхананың осы бөліміне орналаса алам ба? Тікемнен тұрып босануға рұқсат бере ме? Мен өте ұялшақпын, сондықтан да мені дәрігер ер адамның босандырғанын қаламаймын. Маған осылайша өтініш жасауға бола ма? Осы сұрақтарға қатысты мән-жайды перзентхана қызметкерлерінен білсем деп едім?! 1 ақпан 2012, 21:07 2 178 просмотра
Сұрақ-жауап

Әйелдерді аялайық!

Жақында менің Миялыда тұратын жүктілік кезеңінің 34-ші аптасындағы туысқанымды  облыстық ауруханаға жіберген екен.  Алайда,  оның медициналық портал бойынша  шақырту арқылы жолдамамен келгеніне қарамастан, оны перзентханаға қабылдамаған. Дәрігер патология бөлімшесінің шамадан тыс толық екендігін, ал, оған алдымен анемиядан  үй жағдайында емделіп, босану мерзімі жақындаған кезде ғана облыстық перзентханаға келуі тиіс екендігін айтқан.  Жүктіліктің үлкен мерзіміндегі әйелді әрлі-берлі  мәжбүрлеп жүргізудің қажеттілігі қанша? 1 ақпан 2012, 21:03 5 697 просмотра
Сұрақ-жауап

Диплом емес, тіркелген куәлік керек

- Мен ҚР ІІМ академиясын бітірдім. Құқық қорғау органдарына жұмыс орналасайын деп, құжаттар толтырып, жүйке аурулары диспансеріне оларда есепте тұрмағаным жөнінде анықтама  алу үшін барғанымда менен әскери билетті талап етті. Мен оларға өзімнің академияда оқығанымды, арнайы дипломым бар екендігін түсіндірсем де олар маған құлақ аспады, бәрібір әскери билетті талап етті. Мен не істеуім керек? 18 қаңтар 2012, 19:55 2 030 просмотра
Сұрақ-жауап

Итке де дәрігердің көмегі қажет

-Кеше үй ауласынан жүгіріп жүрген қанден иттің күшігін көрдім, оның құйрығы кесіліп қалған, жарақатынан қан тамып тұр. Мұндай құйрықтары шолақ иттерді көшеден көптеп кездестіруге болады.  Сондайда қаланы айуандық жайлап кеткен бе деген сезімде боласың. Иттердің құйрығын қандай жағдайларда кесіп отыратындығын түсіндіріп кетсеңіздер? 18 қаңтар 2012, 19:54 2 085 просмотра
Сұрақ-жауап

Томограф неге жұмыс жасамады?

-Осыдан бір ай бұрын балам қатты сырқаттанып қалды. Дәрігерлер оны туберкулез деп рентгенге түсіргенімен, оның қорытындысы бойынша  алынған диагнозға да күмән келтірді. Компьютерлік томографиядан өту керек болды. Артынша біздегі облыстық ауруханадағы аппараттың жұмыс істемей қалғандығы анықталды. Содан науқас баламмен бірге Орал қаласына баруға тура келді. Осы жағдайға байланысты  менің көкейіме мынадай сауал ұялады: бізде жыл сайын денсаулық сақтау саласын қаржыландыру артып келеді, әсіресе, ақша жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға бөлінуде деген хабардан жалыққандаймыз. Егер облыстық ауруханада бір облыстың маңдайына біткен  жалғыз КТ аппараты жұмыс істемейтін болса, бөлінген ақшаның қайда кетіп жатқаны? Айта кетейін, Оралда ондай аппараттың 4-і бар. 18 қаңтар 2012, 19:53 1 840 просмотра
Сұрақ-жауап

Бәрі де заң талаптарына сай болады

Оңайлатылған декларация негізінде шағын кәсіпорын (ЖШС) зейнетақы және әлеуметтік жарналарды қалай төлеуге тиісті? Айына бір рет пе, әлде, тоқсанға бір рет пе? Осы мәселеге қатысты бізде салық инспекциясының өкілімен арада жай ғана дау туып қоймай, мәселе сотқа дейін жетті. Сотта  мен зейнетақы жарнасы бойынша жеңіліп қалғаныммен, әлеуметтік жарналар бойынша жеңіп шықтым. Істі түрлі судьялар жүргізді. Енді тәуелсіз заңгерлерге жүгінсем деймін. Ай сайын төлеуге тиісті деген салық инспекциясы немесе салық кезеңі тоқсан  (438, 434-баптарда көрсетілгендей) болып есептеледі деген менікі дұрыс па, соны анықтағым келеді. 18 қаңтар 2012, 19:51 1 749 просмотра
Сұрақ-жауап

Үй қызметкерлеріне еңбек шарты керек

-Мен бір отбасында бала күтуші болып жұмыс жасаймын. Балаға күтім жасағаннан басқа мен тамақ әзірлеймін. Менің жасым 40-та. Еңбек шартын рәсімдеуге бола ма, соны білгім келіп еді? Менің жағдайымда еңбек өтілін есептеу үшін еңбек кітапшасына жазба жазыла ма? Еңбек демалысын алуға құқығым бар ма? 18 қаңтар 2012, 19:50 2 675 просмотра
Сұрақ-жауап

Жеңілдік акциясын өзгертуге болмайды

-Мен ұлттық әуе тасымалдаушы компания филиалдарының бірінен «Студенттік» акциясы бойынша 14 000 теңгеге билет  сатып алдым. Алматыға оқуға баруыма тура келді. Алайда, артынша сабағымның кейіндеу басталатындығы белгілі болды да, сөйтіп, мен билетімді кейіндеу мерзімге қайта брондау үшін әуе компаниясына бардым.  Алайда, компания өкілі олай етуге болмайтындығын, яғни, акция талаптарында оның қарастырылмағандығын хабарлады. Олай болған жағдайда  мен ақшамды кері қайтаруды сұрадым, бірақ, билеттің толық құны емес, тек  әуежайлық алым (972 теңге) ғана қайтарылатындығы белгілі болды. Әуе тасымалдаушының  бұл әрекеті заңды ма? Өйткені, мен компанияның қызметін пайдаланғаным жоқ, оның үстіне, тасымалдаушыны ұшу күнінен бірнеше күн бұрын хабардар еттім. 18 қаңтар 2012, 19:47 1 670 просмотра
Сұрақ-жауап

Құқық бәріне ортақ

-Менің жасы 16-ға келген, колледжде оқитын қызым бар. Ол сабақтан бос кезінде оқуының ақшасы және басқа да шығындарды жабу үшін кафеде даяшы болып жұмыс істеп маған көмектеседі. Менің қызыма еңбек өтілі  жазылатын  еңбек кітапшасы рәсімделе ме? Жалпы жасы кәмелетке жетпегендерді жұмысқа орналастыру барысында олардың құқықтары заң бойынша  қалай қорғалады? 18 қаңтар 2012, 19:44 2 038 просмотра
Сұрақ-жауап

Ақша неге аударылмады?

– Облыстық маңыздағы дербес зейнеткер ретінде ай сайын зейнетақыма қосымша 2 мың теңгедей алып тұратын едім. Ақша зейнетақы есеп-шотымнан бөлек түсетін. Аз ғана сома болғандықтан ақшаны әдетте жарты жылда немесе жылына бір рет алатын едім. Осы жолы да солай етпек болғанмын. Бірақ 2011 жылы маған бұл ақшаны аудармаған боп шықты. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына барып едім, ондағылар бұл төлемнің олар арқылы жүргізіл-мейтінін айтты. Өткен жылы маған бұл қаржыларды неліктен аудармағанын анықтау үшін қайда хабарласқаным жөн? 11 қаңтар 2012, 21:20 1 805 просмотра
Сұрақ-жауап

Еңбек келісім-шартының ережелері

– Жұмыс беруші мекемеміздің Теңіз кенішіндегі негізгі мердігермен жасалған келісім-шартының мерзіміне сәйкес етіп, бізбен еңбек келісім-шартын жасады. Бұл туралы келісім-шартта көрсетілген. Келісім-шарт мерзімі өткеннен кейін (екі айдан соң) жұмыс беруші бізбен еңбек қарым-қатынасын тоқтатып, жұмыс көлемінің біткенін түсіндірді. Жұмыстан босату туралы бұйрықта «еңбек келісім-шарты мерзімінің бітуіне байланысты, Еңбек Кодексінің 51-бабының 2-тармағы» деп көрсетілген. Қазір біз жұмыссыз қалдық. Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма? 11 қаңтар 2012, 21:06 10 840 просмотра
Сұрақ-жауап

Еңбек өтіліңізді сот арқылы даулайсыз

-Мен «Дәулетьяров» ЖК-да көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген едім. Кейін жалақысы аз болған соң шығуыма тура келді. Ал көп кешікпей  бұл жеке кәсіпкерлік жабылып қалды. Қалалық жұмыспен қамту бөліміне жұмыссыз ретінде тіркелу үшін және арнайы курс оқиын десем, ондағылар мені жұмыстан ресми түрде шығып кел деп өтінішімді қабылдамай отыр. Мекеме зейнетақы қорыма да ақша аударылмаған. Сонда ЖК жабылып қалса, мен қалай жұмыста тұрған болып есептелем? 4 қаңтар 2012, 22:59 1 745 просмотра