Атырау, 2 мамыр 16:17
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Сұрақ-жауап

Балаларды тіркеуге тиіс Сұрақ-жауап

Балаларды тіркеуге тиіс

– Жұбайымыз екеуміздің төрт баламыз бар. Жарбосынов көшесіндегі үйде тұрамыз. Кенже екі қызымыздан басқамыз осы жерге тіркелгенбіз. Құзырлы органдар қыздарымызды - төрт жастағы Алтынгүл мен бір жарым жастағы Аружанды мекен-жайға тіркеуден бас тартып отыр. Оларды тіркеу үшін алдымен үйді менің атыма аудару керек, өйткені ол иесіз дейді. 28 наурыз 2012, 19:22 2 322 просмотра
Сұрақ-жауап

Егер анасы жоғалып кетсе

– Азаматтық некеден сәбиім бар, ол менің фамилиямда (біз АХАТ-тан әкелікті анықтау процедурасынан өттік). Уақыт өте сәбидің анасы хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Бұл туралы сот шешімі бар. Бұл жағдайда сәби асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға үміткер бола ала ма? Егер бола алса, қайда хабарласу қажет? Маған сәбиге қамқоршы болуды рәсімдеу керек пе? 28 наурыз 2012, 19:20 1 717 просмотра
Сұрақ-жауап

Жатақханадағылар жаңа үйге көшеді

– Біз Огородная көшесіндегі 1976 жылы салынған №8 жатақханада тұрамыз. Бүгінгі таңда ол жерде 30 отбасы тұрып жатыр. 2009 жылы бізге бұл ғимараттың апатты жағдайда екендігін және оның тұрғындарын көшіретіндігі туралы хабарлап, құжаттарды жинастыруға кеңес берген болатын. Кейін біздің көшірілмейтіндігіміз анықталды, сөйтсек, бізге қателесіп хабарлаған болып шықты. Алайда, ешқандай тұрмыстық жағдайы жоқ бұл ғимаратта тұру мүлдем мүмкін емес. 21 наурыз 2012, 13:56 1 751 просмотра
Сұрақ-жауап

Су құбыры қатып тұр

– Махамбет көшесінің жұп қапталында тұратын үйлерде қыстағы аяз күндерінде салқын судың тоқтап қалуы екі жыл қатарынан орын алып келеді. Оған орталық су құбырының қатып қалуы себеп. «Атырау Су Арнасы» КМК диспетчерлік қызметіне шағымданудан ештеңе шықпайды. Сонда бізге енді не істеу керек? 21 наурыз 2012, 13:55 1 993 просмотра
Сұрақ-жауап

Тізімде жоқ болып шықты

– Мен №11 СУ-900 (Ескі әуежай) үйде бала-келінім және үш немереммен тұрып жатырмын. Біздің үйіміз осыдан 8 жыл бұрын апатты болып танылған еді. Оған тіпті, газ жүргізуден бас тартқан болатын. Біздерді қашан көшіреді? 21 наурыз 2012, 13:53 1 611 просмотра
Сұрақ-жауап

Бала жұмысқа бөгет болмайды

– Мені кішкентай балам болғандықтан бірнеше мекеме жұмысқа қабылдаудан бас тартты. Жұмыс берушілер жұмыстан жиі қалып қояды және қажет болған жағдайда жұмыстан кейін  жұмыс істеуден бас тартады деп қауіптенеді.  Олардың бұнысы заңды ма? 21 наурыз 2012, 13:50 4 147 просмотра
Сұрақ-жауап

Келісім-шартсыз қатынас

– ПИК-пен арадағы келісім–шарт қашанға дейін ұзартылуы тиіс. Өткен жылы мен «Мұхамбет» ПИК қызметі үшін төлейін деп барғанымда, оның жабылып қалғандығы белгілі болды. Мұндай жағдайда төленген төлемдерге қайта есептеу  жүргізілуі керек еді. Мен тұратын үйдің подъезі сирек жиналады, қоқыстар барлық қабатта үйіліп тұрады. ПИК-де маған қоқыстар тек 3-ші қабатқа дейін ғана жиналатындығын  айтты, мен болсам, 5-ші қабатта тұрамын... 21 наурыз 2012, 13:00 2 605 просмотра
Жолаушылар өтемақы алуға құқылы Сұрақ-жауап

Жолаушылар өтемақы алуға құқылы

– Бірер апта бұрын Астанадан Атырауға ұшатын ұшақтың ұшу мерзімі кешіктірілді. Әуе компаниясының қызметкерлері ұшуға жарты сағат қалғанда рейстің кідіретінін хабарлаумен ғана шектелді. Сол уақыт ішінде осындай жағдай орын алғанда тиесілі ішіп-жейтін тағамдар ұсынған жоқ. Сол күні кешке Астанадан көп рейстерді кідіртті. Олар бұған «ұшақтың кешігіп жетуіне байланысты» деген ресми себеп  айтады. Әуе тасымалдаушыда ұшуды кешіктіргені үшін жолаушылар алдында қандай да болмасын жауапкершілік бола ма? 14 наурыз 2012, 18:08 1 931 просмотра
Сұрақ-жауап

Өтелген қарыздың қайтарымы жоқ

- Мен «Альянс Банк» 2006 жылы және 2007 жылы ақшалай қарыз алып, қарызынан құтылған адамдарға артық төленген ақшаларын кезінде өтеген борышы дұрыс есептелмей қалған деп артығын кері қайтарып жатыр деп естідім. Біз қарызды осы банктен 2006 жылы алып, одан құтылдық.  Енді  біз де сол ақшадан үмітті бола аламыз ба? 14 наурыз 2012, 18:06 2 049 просмотра
Кезекке тұрыңдар, бөбектер Сұрақ-жауап

Кезекке тұрыңдар, бөбектер

- Менің қызым қазір 2 жаста. Біз қалалық білім бөліміне балабақшаға орналасу үшін кезекке тіркелгеніміз жоқ. Ал жекеменшік балабақшаға бару қымбатқа соғады.  Осыған орай, көкейде жүрген көп сұрақтарға жауап алғым келеді: бүгінгі күні балабақша кезегіне тіркелген балалардың саны қанша екен? Қалалық білім бөліміне қарасты балабақшалар саны қанша? 14 наурыз 2012, 17:59 2 807 просмотра
Сұрақ-жауап

Дәрі де, бәрі де жеткілікті

- «Протаргол» тамшысын маған дәрігер үнемі тағайындайтын, ол қымбат емес әрі әсері де жақсы. Бірақ қазір тағайындамайтын болды. Неліктен? Егер оны қолданыстан алып тастамаған болса және учаскелік дәрігер тағайындаудан бас тартса, оны қалай алуға болады? (Дәрмек дәріханаларда тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана беріледі). 7 наурыз 2012, 19:37 1 959 просмотра
Сұрақ-жауап

Мұралықтың машақаты

- Жекешелендіру келісім-шартында үш баланың екеуі, әке-шешем көрсетілген. Анам 1995 жылы қайтыс болды, бірақ оны ешкім де жазбаған, қалай болғанда да ол әкемнің есінде жоқ. Қазір келісім-шартта жазылмаған үлкен әпкеміз онымен бірге тұрып, бағып-қағып отыр. Біз пәтерді соның атына рәсімдеп, өз үлестерімізден бас тартқымыз келеді. Бірақ әкеміз кейде тосын әрекеттерге баратын жан болғандықтан, не істеу керектігімізді білмей отырмыз. 7 наурыз 2012, 18:43 1 839 просмотра
Сұрақ-жауап

Табыс туралы анықтама керек

- Әкемнің зейнеткерлікке шығуына үш жыл қалды, ол КМК-да жұмыс жасаған еді. Қазір одан кетіп қалып, өз ісін ашты. Оған мемлекет кепілдігі тиесілі ме? Кейбіреулер оған міндетті түрде зейнеткерлікке шыққанша мемлекеттік кәсіпорында жұмыс істеуі керек деседі. 7 наурыз 2012, 18:42 4 562 просмотра
Сұрақ-жауап

Сот тәртібімен шешіледі

Біздің асырап алған сәбиіміз басқа облыста дүниеге келген, бұл туралы туу туралы куәлікте жазылған. Жұбайым екеуміз мұның болашақта сәби неліктен біз бұрын-соңды болып көрмеген қалада туылды деген қажетсіз сұрақтар туғызуы мүмкін деп қауіптенеміз. Біз куәліктегі жазуды ауыстырғымыз келеді? Мұны қалай жасауға болады? 7 наурыз 2012, 18:40 1 658 просмотра
Сұрақ-жауап

Лас қарды өзенге лақтырмаңыз!

- Жұмысыма (орталық көпір арқылы) жаяу барып келемін. Тазалаушылардың май сіңген лас қарларды көпірдің екі жағындағы жағалау мен мұзға лақтырып тастағанына көзім түсті. Осыған қатысты қалалық әкімдіктің диспетчеріне қоңырау шалып, қала тазалығына жауап беретін әкім орынбасарының қабылдауына кіргім келген. Бірақ онымнан түк шықпады, бәрі анағұрлым маңызды басқа жұмыстармен қолдары бос болмай шықты. Содан соң облыстық СЭС қызметінің бас дәрігеріне қоңырау соқтым. Ол мені мақтап, «кешікпей нәтижесін көресіз» деп уәде берді. Бірақ бір апта өтті, бәрі сол күйінде... 7 наурыз 2012, 18:32 1 907 просмотра
Сұрақ-жауап

Айыппұл төлеуге тура келеді

– 2011 жылдың наурызында жер учаскесін алып, барлық құжаттарын рәсімдедім. Оларды тіркеуге тапсырайын деп барғанда, әкімнің жер беру туралы шешімін де халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеу керек деді. Бұл құжатты уақытында тіркемеу әкімшілік құқық бұзушылық боп табылады және 10-нан 20 АЕК-ке дейін айыппұлмен жазаланады екен. Бұл не қылған норма? Жер алушыларға неліктен бұл құжатты тіркеу қажеттігі туралы алдын ала ескертпейді? 29 ақпан 2012, 20:09 2 067 просмотра
Сұрақ-жауап

Салымның құпия сыры

–«Халықтық - зейнетақылық» банк салымының келісім-шартына сәйкес банк жыл сайын 10,6% сыйақы аударуы тиіс еді. Ал банк тек 9% ғана аударып отырды. Осылайша, банк клиентке, яғни, маған хабардар етпей, өз міндеттемесін бұзып отыр. Банктің салым бойынша жылдық мөлшерлемені өзгертуге қандай негізі болған? 29 ақпан 2012, 20:08 1 934 просмотра
Сұрақ-жауап

Өткізбейтін өтпе жол

–Политехникалық колледждің жанында орналасқан теміржол өтпесінде үнемі көлік кептелісі болады. Бар болғаны екі көлік жолағы сыятын көпір астындағы енсіз жол арқылы қала Ақжар, Ақсай селолық округтерімен, Мақат, Жылыой, Қызылқоға аудандарымен, Қарабатандағы алып құрылыспен және Маңғыстау облысымен байланысқан. Білетін адамдар өтпе астында тағы екі көлік қозғалысының жолағын өткізуге мүмкіндік беретін кеңістік бар деседі. Қазір осы мәселе  қолға алыныпты. Бұл нұсқа көлік ағынын көбейту үшін қарастырылған ба? 29 ақпан 2012, 20:07 2 095 просмотра