Атырау, 17 мамыр 10:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Туберкулез тегін емделеді

2 060 просмотра

– Менің 7 жасар ұлым «Манту қайталама виражы» деген диагнозбен фтизиатрдың есебінде тұр. Қандай дәрілерді тегін ала аламыз?

– Әлеуметтік маңыздағы сырқат ретінде туберкулез Қазақстанда тегін емделеді. Сондықтан фтизиатр тағайындайтын барлық дәрмектер үшін төлеуге міндетті емессіз. 10 жастан жоғары балалар үшін сауықтыру үшін Бурабайда шипажайлық-курорттық демалыс қарастырылған. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы»

№ 786 бұйрықта көрсетілген қалған дәрмектерді де төлемсіз ала аласыз, - дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВА.

14 наурыз 2012, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.