Атырау, 19 сәуір 16:26
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Кеден бәріне бірден «келісім» бермейді

– Біз украиндық серіктестерімізден  жүк алып отырамыз. Тауар шығарылған елді анықтау сертификаты немесе СТ-1 бірнеше вагонға тиелген тауарлардың бүкіл партиясына рәсімделеді. Кейде тауар бір уақытта келмейді, арасында оны вагонның толуына қарай жіберіп отырады. Біреуін бүгін толтырып тиеп жіберсе, келесі күні басқасын жібереді. Ал кеден түрлі уақытта келетін әр вагонның өз сертификаты болуын немесе тауардың бүкіл партиясының келіп болуын күтіп, содан соң кедендік процедураларды бастауымызды талап етеді. Бұл уақытша сақтау қоймасында тұрғаны үшін ақша төлеуіміз керек деген сөз. Егер сертификаты жоғалып қалған болса, тауардың келуіне қарай кедендік рәсімдеу жұмыстарын жүзеге асыра алам ба? 2 қараша 2011, 19:00 1 617 просмотра
Сұрақ-жауап

“Ешкімді мәжбүрлеген жоқпыз”

– Мен Жұлдыз-3 ықшамауданынан жер алған едім. Әкімнің рұқсатын алу үшін Қайыршақты селолық округінің әкімдігіне бардым. Бірақ ондағылар маған рұқсат беруден бас тартып, қоқысты шығару келісім-шартына қол қоюға мәжбүрлеп отыр. Ол жерде түк те жоқ, тіпті жол да. Сонда бұл қаншалықты заңды болмақ? Әкімдіктегілер шешім шыққан наурыз айынан бастап, 5 000 теңге төлеуге тиіс екенімді айтты. Бірақ мен ол жерде тұрмаймын ғой, демек қоқыс та тастай алмайды емеспін бе? Не үшін төлемекпін? 2 қараша 2011, 19:11 1 999 просмотра
Сұрақ-жауап

Жиһаз салығы жайлы

– Бірнеше жыл бұрын жаңа пәтерге көшетін болып, Біріккен Араб Әмірліктеріне жиһаз сатып алуға барған едік. Сол уақытта ол жерде баға жеңілдіктерінің маусымы болып жатыр екен. Біз сол маусымға тап болып, жасаған саудамызға риза болдық. Енді тағы да барып, сіңліміздің жасауына жиһаз сатып алғымыз келген. Бірақ қазір Кеден одағының құрамына кірмейтін үшінші елдерден тауар әкелу тиімсіз деп естідім. Айтыңызшы, баж салығының мөлшерлемесі қаншалықты өзгерген? 2 қараша 2011, 19:21 1 780 просмотра
Сұрақ-жауап

Пәтер ақшасын мемлекет төлейді

- Менің балам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша колледжге оқуға түсті. Осы бағдарлама бойынша балама пәтер ақшасын беру керек екен. Ал сол пәтер ақшасын алу үшін біз қандай құжаттар тапсыруымыз тиіс? 27 қазан 2011, 17:55 1 747 просмотра
Сұрақ-жауап

Су есептегішті өзіңіз ауыстырасыз

- Ыстық және салқын су есептегіштерінің жарамдылық мерзімі қандай?Оларды ауыстырарда тұтынушы нені ескеру қажет? Ыстық су есептегішін «Атырау Су Арнасы» КМК-сы ауыстыра ма? Есептегіштер іші буланып тұрса, оны әрі қарай пайдалана беруге бола ма? Және есептегішті ауыстыру үшін «Атырау Су Арнасы» КМК тарапынан 1000 теңге төлеттіру не үшін қажет болды? 27 қазан 2011, 17:51 3 001 просмотра
Сұрақ-жауап

Әлеуметтік көмек отбасылық табысқа байланысты

- Осы жылғы 27 сәуірде материалдық көмек сұрап Атырау қалалық әкімдігіне құжаттар тапсырдым. Әкімдік құжаттарды қалалық жұмыспен қамту бөліміне жолдаған. Содан бері қарай 6 ай уақыт өтті. Құжаттың жағдайы белгісіз. Телефон шалғанымда «ақша бөлінбей жатыр, бөлінген соң үйге хабар береміз» деп жауап берді. Бірақ, осы уақытқа дейін ақшалай көмек әлі берілген жоқ. 27 қазан 2011, 17:49 2 204 просмотра
Сұрақ-жауап

Демалуға тура келеді

– Мен декреттік демалыста 3 жылдай болып, 1 қыркүйекте жұмысқа шықтым. Жақында кәсіпорын әкімшілігі желтоқсан айында бір аптаға болса да еңбек демалысына шығуым керек екенін айтты. Өйткені мен декреттік демалыста болған кезде еңбек демалысы кестесі қайта жасалыпты. Ал менің кезегім жыл аяғына сәйкес келеді екен. Әрине, мен демалысқа шыққым келмейді. Біріншіден, жұмысқа шыққаныма көп болған жоқ. Екіншіден, қыста демалғанды ұнатпаймын. Сондықтан заңды негізде демалыстан бас тарта аламын ба? 26 қазан 2011, 19:33 2 054 просмотра
Сұрақ-жауап

Жеңілдіктерді мемлекеттік мекемелер ұсынады

– Менің ата-анам Нұрсая мөлтек ауданында тұрады. Жақында подъездің есігінде«Қаланың тұрғынүйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» КМК-ның азаматтардың нақты бір санаттары бойынша жеңілдіктер ұсынылатындығы туралы хабарландыруды көрдім. Жеңілдіктер басқа ПИК-не неліктен ұсынылмайды? 26 қазан 2011, 19:25 1 642 просмотра
Сұрақ-жауап

Күйеуге шыққым келеді

- Менің азаматтық некеде тұрып жатқаныма сегіз жыл болды. Жолдасыммен заңды некеге тіркелгім келеді. Заңды некеге тіркелейін десем, жолдасым бұрынғы әйелімен заңды түрде әлі ажыраспаған. Заңды некедегі әйелі 10 және13 жастағы екі баласымен Алматыда тұрады. Азаматтық некедегі күйеуім екі баласына соңғы екі жыл бойы алименттің 50 пайызын төлеп келеді. Ал алдыңғы алты жыл бойы төлемеуінің себебі– заңды некедегі әйелінің өзі алименттен ауызша бас тартқан болатын. Дәл осындай жағдайда заңды некеге тұруға бола ма? Және бұрынғы заңды некені қалай бұзуға болады?  26 қазан 2011, 19:27 2 957 просмотра
Сұрақ-жауап

Ешқандай бала жоғалған жоқ

– Жақында екінші сынып оқушыларының ата-аналарынан мектептен балаларымызды алып кетуге және әкелуге өзіміз міндеттіміз деген өтінішке қол қоюымызды сұрады. Демек, баланың мектепке дейінгі және одан қайтып келу жолындағы барлық жауапкершілік ата-аналарға жүктелмек. Қалада 2009 жылғы болған оқиғадағыдай тағы да бір баланың жоғалғандығы туралы алып-қашпа әңгіме шықты. Бұл айтылған сөз шындыққа жанаса ма?  Жоғалған бала табылды ма? 26 қазан 2011, 19:30 2 288 просмотра
Сұрақ-жауап

Қарағаевтың есігін қағасыз

– Біздің Сәтбаев көшесіндегі  66-шы үйді «Эхин» ЖШС салды. Кезінде біз қаланың ПИК-нің біріне қосылғымыз келгенде құрылысшылар бізге құжаттарды берген жоқ еді. Ал, міне, күздің екінші айы да аяқталғалы жатқан шақта, біздің үйлеріміздің жылу жүйесін тазарту жұмыстары әлі жүргізілмей отыр. ПИК немесе үй басқарушысы да жоқ. Телефон арқылы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне хабарластық, ондағылар орын алған жағдайға байланысты ертерек хабарласу керектігін айтты. Енді біз не істей аламыз?  26 қазан 2011, 19:35 1 666 просмотра
Сұрақ-жауап

Балабақшадағы орынымды ауыстырамын!

– Мен өзім Алмагүл мөлтек ауданында тұрамын,  бізге  жақын маңда балабақша болмағандықтан  баламды  балабақшаға Жилгородокқа тасуға тура келеді. Алмагүл мөлтек ауданында балабақша қашан ашылады?  Мен баламды жақын маңдағы  балабақшаға ауыстыра алам  ба? 26 қазан 2011, 19:28 3 194 просмотра
Сұрақ-жауап

Өндірістік жарақат деп нені айтуға болады?

- Мен бұрын шетелдік компанияда жұмыс істедім. Екі жыл бұрын жұмысқа кетіп бара жатқанда оқыста аяғым тайып кетіп құлап, арқамды ауыртып алдым. Жұмыста жүріп омыртқамның ауырғанын сезініп, жүре алмай қалдым. Осылайша, үш ай емделіп жаттым. Ресейден де қаралдым. Осы басымдағы жағдайымды компания басшылығына жеткіздім. «Фастфуд» жағына ауыстыруын сұрасам, басшы «Істесең істе, әйтпесе шық» деді. Ал «Доктор плюс» клиникасының дәрігерлері сол кезде маған жеңіл жұмысқа ауыстыру туралы қағаз жазып берген болатын.  Мен әлі күнге дейін ем алу үстіндемін.  Осы жағдайда қандай әрекет еткенім орынды? 26 қазан 2011, 19:38 10 025 просмотра
Сұрақ-жауап

Ұжымдық шартты оқып көріңіз!

– Өткен жылы біз құрбым екеуміз Қытайға емделу үшін барған едік. Онда құрбыма ота жасалды. Биылғы жылы да біз тағы да ем алуға және құрбым отадан кейін тексерілуге бардық. Қытайдан оралған соң өзіміздің кәсіпорынымыздың әкімшілігіне емделуге барған шығындарымыздың жартысын болса да өтеу үшін материалдық көмек беруін сұраған едік, бірақ, олар оны төлеуден бас тартты.  Оған олар материалдық көмектің кейінгі күн датасымен жазылып берілмейтіндігін  және барлық құжаттардың қытай тілінде жазылғандығын сылтау етті. Әкімшіліктің бұл әрекеті дұрыс па?  19 қазан 2011, 18:06 1 977 просмотра
Сұрақ-жауап

Балаларға жаным ашиды

- Көршілес тұратын жандардың балаларының жылап – сықтағанын естіген сайын көкірегім қан жылайды. Ол балалардың ата-аналары қашан көрсең де мас болып жүреді, балалары үнемі аш-жалаңаш қалады. Әрине, мен көршілері ретінде оларға арасында көмегімді беріп те тұрамын. Сол балаларға көмек көрсетілуі үшін мен қайда барып жолыққаным жөн? 12 қазан 2011, 18:39 2 631 просмотра
Сұрақ-жауап

Үмітіңізді үзбеңіз!

- Біздің фирмамыз тоқырауға ұшырады, сол себепті барлық қызметкерлерді жұмыстан босатты.  Менің дұрыс бір жұмысқа орналассам дегеніме жарты жылдан астам уақыт болды, әлі күнге дейін ол әрекетімнен ештеңе шығатын емес. 2020  жылға дейінгі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасушылар қатарына қалай кіруіме болады? Ол үшін қайда барып жолығып, қандай құжаттар тапсыруым керек? 12 қазан 2011, 18:44 2 257 просмотра