Атырау, 17 мамыр 07:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Үй қызметкерлеріне еңбек шарты керек

2 680 просмотра

-Мен бір отбасында бала күтуші болып жұмыс жасаймын. Балаға күтім жасағаннан басқа мен тамақ әзірлеймін. Менің жасым 40-та. Еңбек шартын рәсімдеуге бола ма, соны білгім келіп еді? Менің жағдайымда еңбек өтілін есептеу үшін еңбек кітапшасына жазба жазыла ма? Еңбек демалысын алуға құқығым бар ма?

Телефон арқылы

ҚР Еңбек Кодексінде 2007 жылдың 1 маусымынан бастап үй қызметкерлерінің еңбегін реттеу жөніндегі мәселелер заңды түрде бекітілген еді. Оған үй қызметкерлері деп жұмыс беруші - жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындайтын қызметкерлер танылады. Бұл санатқа бала күтушілер, гувернанткілер, үй аспаздары, бағбандар кіреді. ҚР ЕК 214-бабы, 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші үй қызметкерін жұмысқа қабылдау не онымен еңбек қатынастарын тоқтату туралы акт шығармайды және еңбек кітапшасына оның жұмысы туралы мәліметтер енгізбейді. Дегенмен, үй қызметкерінің еңбек қызметі еңбек шартымен расталады. Үй қызметкерімен еңбек шарты тоқтатылғаны (бұзылғаны) туралы жазбаша ескертудің мерзімі, сондай-ақ жұмысынан айырылуға байланысты өтемақы төлеу жағдайлары мен мөлшері еңбек шартында белгіленеді. Үй қызметкерлеріне осы Кодексте белгіленген жұмыс уақыты мен тынығу уақыты ұзақтығының нормалары қолданылады. Үй қызметкерінің жұмыс режимі, оларға демалыс күндерін, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру, оларды үстеме жұмыстарға, түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту тәртібі еңбек шартында айқындалады. Оларға 40 сағаттық жұмыс аптасы (5 жұмыс күндік режим барысында және 2 демалыс күні – 6 жұмыс күні режимі барысында күніне 8 сағат – күніне 7 сағаттан аспайтын); еңбек демалысының 24 күнтізбелік күні тиісті болады. Осылайша, оқырманға жұмыс берушімен еңбек шартын жасауға кеңес беріледі және барлық талаптарын көрсетуге болады.

18 қаңтар 2012, 19:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.