Атырау, 10 мамыр 00:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Мәдениет

Уитни Хьюстон өмірден өтті Мәдениет

Уитни Хьюстон өмірден өтті

Associated Press орталығының мәліметі бойынша, 11 ақпан, сенбі күні танымал әнші әрі актриса Уитни Хьюстон (Whitney Houston) 49 жасқа қараған шағында көз жұмды. Әншінің денесі Лос-Анджелес қаласындағы Beverly Hilton қонақүйінің бөлмелерінің бірінде табылған. Танымал әншінің өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды. 12 ақпан 2012, 22:32 3 019 просмотра
Өнерге ғашық ғұмыр Мәдениет

Өнерге ғашық ғұмыр

28 қаңтар күні Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрында белгілі актер Төлеген ЖАНГЕЛДИЕВТІҢ шығармашылық кеші өтті. Дәл сол күні жазушы-драматург Юджин О‘Нилдің «Шырмауық алдындағы шырғалаң» атты қойылымының премьерасында басты рөлді Төлеген  ойнады. Қойылым режиссері -Асылбек ЫХСАН. 2 ақпан 2012, 15:49 4 973 просмотра
75 ЖАСТАҒЫ АБИТУРИЕНТ Мәдениет

75 ЖАСТАҒЫ АБИТУРИЕНТ

Былтыр 75 жылдық мерейтойын атап өткен танымал композитор, жазушы Илья ЖАҚАНОВ Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасына оқуға түсуге дайындық үстінде. 2 ақпан 2012, 15:24 9 003 просмотра
Күйшілер көшін біздің Карина бастады Мәдениет

Күйшілер көшін біздің Карина бастады

Атыраулық жас  күйші қыз Карина ӘМІРЖАНОВА Алматыда өткен «Күншуақ» республикалық күйшілер сайысында 1-орынға ие болды. Бұл сайыстың ерекшелігі - оған 5 пен 16 жас аралығындағы өнерлі жасөспірімдер қатысқан. 20 қаңтар 2012, 10:21 5 099 просмотра
Суретші Отарбай КЕНДІР: «Көшпенділер мәдениеті көңіліме жақын» Мәдениет

Суретші Отарбай КЕНДІР: «Көшпенділер мәдениеті көңіліме жақын»

Құрманғазы ауданының Нарын құмында дүниеге келген қылқалам шебері шетсіз далаға көз тастап отыруды бала күнінде-ақ әдетке айналдырған. Оны өзінен бұрын ұшқыр қиялы алысқа жетелейтін. Қыр асқан сары даланы кенепке теңеп, ойша сурет салатын. Кейін бейнелеу өнеріне шындап кірісуді шешті. Осылайша жүрек қалауы оның қолына қылқаламды алдырды. Бүгінде ол оның айнымас серігі. 5 қаңтар 2012, 17:26 13 349 просмотра
Санкт-Петербургтен Гран-при ұтып алды Мәдениет

Санкт-Петербургтен Гран-при ұтып алды

Атыраулық «ЖасStar» вокалдық дуэті тағы да табысқа жетті. Бұл жолы Ақтоты АСҚАР мен Аслан ЕРТІЛЕУОВ Санкт-Петербургте өткен «Многоголосие народов мира» халықаралық конкурсының гран-при жүлдесін жеңіп алды. 4 қаңтар 2012, 19:58 2 732 просмотра
«Дарын» хорының табысы Мәдениет

«Дарын» хорының табысы

Атыраулық  «Дарын» ер балалар хоры  қарашаның 8-13 аралығында «Әнші балапан» республикалық фестиваліне қатысып қайтты. Бұған дейін бұл талантты топ  «Түрік дүниясы» атты Түркияда өткен  достық фестивалінен оралған болатын. 25 қараша 2011, 14:33 6 944 просмотра
Өмірдің бар қуанышы әуен мен сөзде Мәдениет

Өмірдің бар қуанышы әуен мен сөзде

Он жеті жасар Ақтөбе қаласының тұрғыны Назым ЖҰРЫНБАЙ (суретте) үшін айнала  тек қара бояуға боялған. Туғаннан  көз жанарынан айырылғандардың көпшілігі үшін бұл тағдырдың қатал өкімі болып есептеледі, бірақ бұның Назымға қатысы жоқ. Оның жүзінде қашанда күлкі және жаңа ғана бүр жарып келе жатқан оның жастық өмірі жарқын болашақ пен асқақ сезімдерге толы. Және ол сезім тек Назымның ғана емес, басқа да көзі көрмейтін және нашар көретін адамдар арасында Атырауда өткен алғашқы батыс-қазақстандық фестивалға қатысушылар бойынан байқалады.  17 қараша 2011, 17:14 3 163 просмотра
Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Нұрлан САНЖАР: «Қазіргі көлігім – 67-ші автобус» Мәдениет

Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Нұрлан САНЖАР: «Қазіргі көлігім – 67-ші автобус»

Жуырда бізге бірнеше ұрпақ өкілдерінің сүйікті киносына айналған «Менің атым Қожа» фильмінде басты кейіпкер рөлін сомдаған әйгілі сценарист, жазушы Нұрлан САНЖАРМЕН сұхбаттасудың сәті түскенеді. 10 қараша 2011, 19:02 15 069 просмотра
Қыш көзелер сыр шерткенде Мәдениет

Қыш көзелер сыр шерткенде

Қаңыраған үйдің суық бөлмесіндегі ескі отырғышта киімін шаң басқан, "солдафон" етік пен тақия киген шаршаңқы жүзді әйел отырды. Жанында су құйылған шелек пен шүберек, түрлі қоқыстар үйіліп жатыр. Ал жылуды сезінген бұралқы мысық аяғының астына оратылыпты. Әйел өзінің өткені мен қазіргі күйі туралы сыр шертті. Біз жаңа ғана кеберсіген саз құмыралар қойылған үстел басында шәй ішіп отырмыз. Мен бір танысымның : "А-а, Зинат па? Ол өзі біртүрлі қызық адам" деген сөзін есіме алдым. "Иә, осылай деп бетіме де айтады", деп күлді кейінірек ол. Ол әпенділеу әйел болуы мүмкін, бірақ өзін өте бақытты сезінеді. 20 қазан 2011, 16:14 7 995 просмотра
«Жұбағаң мені терезеден лақтырып жібере жаздаған еді» Мәдениет

«Жұбағаң мені терезеден лақтырып жібере жаздаған еді»

Ата-бабасы Еділ-Жайықта, өзі қарт Қаратаудың Жон жайлауында туған қазақтың біртуар композиторы Илья Жақанов бүгінде атакүлдігі Атырауда тұрып жатыр. Тағдырдың желі айдап, атамекеннен ауа көшкен бабасы бұл жаққа қайтып оралмады. Оның есесіне олардың орнын Ілағаң толтырды. Толтырды дегенде, біз оның Атырауға қоныс аударғанын ғана айтып отырған жоқпыз, ең бастысы, ол осыдан тура 30 жыл бұрын, тап осындай қазан айында «Еділ мен Жайық» атты өлмес әнді өмірге әкелді. Ал бұл әннің тарихы өте қызық. 13 қазан 2011, 11:02 7 929 просмотра
«Біз қазақ халқының алдында әрдайым қарыздармыз» Мәдениет

«Біз қазақ халқының алдында әрдайым қарыздармыз»

Өткен аптада Атырауда корей халқының мәдени күндері ерекше аталып өтілді. Ерекше дейтініміз, биыл Атыраудағы «Тхоньил» корей этномәдени орталығының құрылғанына 20 жыл. Қазақ елінің тәуелсіздігінің мерейтой қарсаңына тұспа-тұс келген айтулы күнге корейліктер республиканың әр аймағынан жиналды. 13 қазан 2011, 17:05 7 177 просмотра
Ұлттық қолөнерді дамыту өскелең ұрпақтың борышы Мәдениет

Ұлттық қолөнерді дамыту өскелең ұрпақтың борышы

Ұлттық қолөнерді дамыту үшін не істеу керек? Бабадан қалған дәстүрді қайткенде шашауын шығармай ұрпаққа қалдыруға болады? Бұл сауалдарға жауап  жуырда өткен семинарда ізделді. Оған қаладан және аудандардан әуесқой және кәсіпқой қолөнершілер қатысып, өз бұйымдарын көрмеге ұсынды.      6 қазан 2011, 12:03 19 390 просмотра