Атырау, 19 сәуір 22:34
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Көңілділер мен тапқырлар жарысты

2 935 просмотра

Қыркүйектің 1-і мен 2-сі күндері Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармонияда мектеп оқушылары арасында КВН ойынының ширек финалы болып өтті.

 

А және В тобына бөлінген командалар екі күн бойы өнер көрсетіп, жиналған жастарды күлкіге орады. Арасында нені меңзегендігі түсініксіз әзілдер де кездесті. Алайда, қазылар алқасы жасаған ескертулер кемшіліктердің орнын толтыруға түрткі болатын секілді.

Сенбі күні «Ғани ұландары» (Ғани Мұратбаев атындағы мектеп), «Үй жақтың балалары» (№19 мектеп), «Тема» (№27 мектеп), «Батыс» (Құлсары қаласы), «Ыржи» (№13 мектеп), «Қара жорға» (№35 мектеп) КВН командалары өзара сайысқа түсті. Қазылар алқасының шешімімен және өздері көрсеткен ойындарына қарай «Ыржи» және «Қара жорға» командалары келесі ойынға өтпей қалды.

Ал жексенбі күні өткен ойында «Өнерпаз» (Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясы), «Төртеу» (№32 мектеп), «Тендікстар» (Қ.Смағұлов атындағы мектеп), «Нағыз жігіттер» (№6 мектеп) КВН командалары келесі ойынға жолдама алса, «Жеті қазақ» (№30 мектеп) және «Бүркіт» (Ж.Досмұхамбетов лицейі) КВН командалары алдағы ойынға қатыса алмайды.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

6 қазан 2011, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.