АСТАНА, 21 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан президенті банктік жүйенің орнықтылығын айтып, азаматтарды әртүрлі арандатушылыққа құлақ аспай сабырлық сақтауға шақырды, деп хабалады Ақорданың баспасөз қызметі.
– Біздің экономикамыз ойдағыдай және ешқандай да күйреу болған жоқ. Елдегі бірде-бір банк бүгінде банкротқа ұшырамайды. Біз 2009 жылы БТА және өзге банктерге қатысты да мұндайға жол берген жоқпыз, себебі оларда азаматтарымыздың салымдары болды. Біз қазір де бұған жол бермейміз. Біз халықтың басым көпшілігінің қаражаты сақталатынына кепілдік береміз. Ал банктер айналысында дүрбелең тудырғандар қазір табылды және жауапкершілікке тартылатын болады. Бәріміз елімізде тыныштық пен тұрақтылықтың болғанын қалаймыз, бұл – барша қазақстандықтардың міндеті. Жоспарлағанымыздың барлығын біз әрдайым орындап келдік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Дереккөз: newskaz.kz