Атырау, 24 қараша 21:56
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Daewoo Nexia және Daewoo Matiz машиналарын Қазақстанға әкелуге тиым салынды

2 245 просмотра

Өзбекстанда шығарылатын оңтүстік кореялық Daewoo Nexia  және Daewoo Matiz машиналарын Қазақстанға әкелуге тиым салынды. Тиым 2014 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізілген. Себебі, бұл машиналарда қауіпсіздік жастықшасы, ABS тешегіші, балалар орындығы бекітелетін  ISOFIX қондырғысы сияқты құрылғылар жоқ. Бұл Кенден одағының «Дөңгелекті көліктердің қауіпсіздігі жөніндегі» регламентіне сай келмейді.

Қазақстанда сатылып жатқан Ресейдің LADA  және UAZ маркалы автокөліктерінде де қауіпсіздік жастықшасы, ABS тешегіші, балалар орындығы бекітелетін  ISOFIX қондырғысы жоқ. Бірақ бұл көліктерге қойылатын талап 2015 жылдан бастап қана күшіне енуі мүмкін. Себебі, бұл көліктер Кеден одағы елдерінде шығарылады. Сондықтан ресейлік көліктердің сатылуына кедергі жоқ.

Nexia  мен Matiz  - Қазақстанда жұрт кеңінен қолданатын көліктердің бірі, бұл машиналарға жанармай аз кетеді. Соңғы жылдары бұл көліктердің Қазақстанда сатылуы ұлғайды. 2013 жылы Nexiaның 10 мыңнан астамы, Matizдің 13 мыңнан астамы Қазақстанда сатылды.

Дереккөз: serke.org

21 ақпан 2014, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.