АСТАНА. ҚазАқпарат - Әсел Сәдуақасова "Фуга. Дорога в никуда" фильмінің түсірілімі кезінде шөп жеймін деп уланып қалған, деп жазады kinostan.kz.
Самат Базыханов пен Еркебұлан Жолдасов түсірген отандық триллерде актриса басты рөлді сомдағаны белгілі. Total.kz тілшісіне берген сұхбатында, Әсел 5 күнге созылған түсірілім кезінде бірқатар қиындықтар кездескенін әңгімелеп беріпті.
Сюжет бойынша фуга дертіне шалдыққан кейіпкер шөп жеуі тиіс болған. Ұйымдастырушыларда жеуге жарамды өсімдік дайындауға уақыт болмаған, сондықтан Әселге жол бойында өсіп тұрған кәдімгі шөпті жеуге тура келген. Түсірілімнен кейін ол өзін нашар сезіне бастайды. Үйге оралғаннан кейін "Жедел жәрдем" шақырып, бір апта ауруханаға жатып шыққан.
Әсел Сәдуақасованың шөп жейтін сәті. "Фуга. Дорога в никуда" фильмінен үзінді:
Дереккөз: inform.kz