Атырау, 24 қараша 21:35
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

СІМ оппозиционер Эдуард Лимоновтың мәлімдемесінен кейін Ресейге нота жолдайды

1 868 просмотра
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Эдуард Лимоновтың Қазақстанның солтүстік облыстарын күштеп қосып алу туралы мәлімдемесіне қатысты ресми түсіндірме таратты.

«Біз Эдуард Лимоновтың Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресейге қосу туралы мәлімдемесін назарға алдық. Лимонов мырза Ресей Федерациясының ресми тұлғасы болып табылмайтындығын және оның еркін білдірмейтіндігін түсінеміз.  Оның мәлімдемесінің ешбір негізі жоқ және тек күлкі үшін айтылған дүние деп қабылдауға болады. Дегенмен, біз Ресей Федерациясының атына ресми нота жолдап, Лимоновқа қатысты олардың ресми түсінігін алуды шештік. Бүгін бұл нота дипломатиялық арналар арқылы жолданады», - делінген министрліктің хабарламасында.

«Ресей - біздің досымыз, одақтасымыз және стратегиялық әріптесіміз. Лимонов мырзаның мағынасыз мәлімдемесі Ресей мемлекетінің Қазақстанға қатысты сыртқы саясатымен ешбір байланысы жоқ. Лимонов мырзаның жөн-жосықсыз қылығына Ресей тарапы тиісті бағасын беретініне еш күмәнданбаймыз», - делінген құжатта.

ҚР СІМ бұл нота барлық шетел қайраткерлеріне Қазақстан тәуелсіздігі, егемендігі мен жерінің біртұтастығы мызғымас берік әрі оған қол сұғылмайтындығын білдіруі тиіс екендігін хабарлады. Сондықтан бұл құндылыққа қол сұғуға тырысатын кез келгеніне тиісті жауап қайтаратындығын мәлім етті. 

Сыртқы саясат ведомствосы Э.Лимоновтың бұл қадамына қатысты шараларды қабылдауды Ресей тарапының қарауына қалдыратынын да атап өтті.

ҚР СІМ хабарлауынша, бұл мәлімдемеге назар аудармай, «ит үреді, керуен көшедінің» кейпін жасауға болар еді, бірақ мемлекеттің егемендігі мен жерінің біртұтастығына күмән келтіретін сөздерден кейін өз жауабын беру жөнінде шешім қабылданды. 

«Егер Лимонов мырза өзге тақырыптарды сөз еткен болса, біз оған тіпті мән бермес едік, алайда мемлекеттің егемендігі мен жерінің біртұтастығы сынды қасиетті ұғымдар туралы сөз болғандықтан, біз бұны жауапсыз қалдырмауды ойладық», - делінген хабарламада.

Дереккөз: newskaz.kz

 
21 ақпан 2014, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.